Шымкентте Республика күніне орай «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Қаланың бес ауданын қамтыған тазалық шарасы аясында Қошқар ата өзенінің бойы тазартылды. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік Әл-Фараби және Тұран аудандарының аумағында ұйымдастырылды. Сенбілікке қатысушылар Республика даңғылы мен Кремлевский көшесінің бойындағы өзен жағалауын қоқыстан тазартып, қоршаған ортаның тазалығына үлес қосты. Экология департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері қала аумағында ұйымдастырылған осындай тазалық шаралары барысында 3 мың тонна қоқыс жиналған.
Жалпы мұндай экологиялық акциялар қаланың санитарлық жағдайын жақсартып, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare
site-verification-ok










