Қоғамдық кеңес отырысында басқарма басшылары өз есептерін берді. Бүгінде қалада жеке бастамамен жұмыс орындарын құру жоспары 100 пайыз орындалып отыр. Сондай-ақ соңғы екі жылда басқармаға қарасты бірқатар мекеме де іске қосылған. Алайда жиында кеңес мүшелерінің бірі шипажайлардың қазіргі жағдайы көңіл көншітпейтінін айтса, жауапты тарап мәселенің шешілгенін алға тартты. Бұдан бөлек, қала аумағында 132 заңсыз нысан анықталған.
Қоғамдық кеңес отырысында тізімдегі шипажайлардың бірқатарында мүгедектігі бар азаматтарға қажетті жағдай жасалмағаны айтылды. Ал басқарма өкілі бұл тізімнің ардагерлер мен аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетуге бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтардың жылына бір рет өздері таңдаған санаторийге баруына мүмкіндік барын жеткізді.
Келесі кезекте мінберге Шымкент қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары көтеріліп, өз есебін баяндады. Баяндама барысында сала өкілі қала аумағында 132 заңсыз нысан анықталғанын мәлімдеді.
Алайда бұл мәселе қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан бірқатар сұрақ туындатты. Сонымен қатар жиындағы талқылау мұнымен шектелмей, басқарманың атауы да назарға ілікті.

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare
site-verification-ok












