ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ҰЛЫҚТАҒАН МЕРЕКЕЛІК КЕШ
Әуезді әуен, асқақ рух, Отанға деген сүйіспеншілік! Республика күні қарсаңында Шымкентте әскери оркестрдің қатысуымен салтанатты кеш өтті. Мерекелік шараның мақсаты...
Ұлттық зияткерлік ойынды ұлықтаған чемпионаттың ашылу салтанатына тоғызқұмалақ шеберлері, жаттықтырушылар мен спорт саласының өкілдері қатысты. Жарыстың Республика күні қарсаңында өтуі де айрықша мәнге ие. Себебі тоғызқұмалақ – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ойлау мәдениеті мен зияткерлік мұрасын дәріптейтін ұлттық ойын. Ал бұл дода спортшыларға өз шеберлігін көрсетіп қана қоймай, халықаралық деңгейдегі жарыстарға жолдама алуға мүмкіндік береді.
Чемпионатқа еліміздің тәжірибелі спортшылары да қатысуда. Солардың бірі – Биғали Зкрияев. Астана қаласының намысын қорғап келген тоғызқұмалақшы 2024 жылы өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жеңімпаз атанған. Сондай-ақ ол Президенттің қолынан екі мәрте марапат алған. Енді тәжірибелі спортшы ел чемпионатында өз мүмкіндігін тағы бір мәрте дәлелдеуге ниетті. Жалпы бәсеке үш бағдарлама бойынша өтеді. Олар – классика, рапид және блиц. Әр бағыттың өз ерекшелігі бар. Классикада ойыншыларға терең ойлануға көбірек уақыт берілсе, рапид пен блицте жылдам шешім қабылдау мен уақытты тиімді пайдалану маңызды. Сондықтан қатысушылардан есепке жүйріктікпен қатар, тактикалық шеберлік пен жоғары зейін талап етіледі.
Айта кетейік Шымкентте тоғызқұмалаққа қызығушылық артып келеді. Әсіресе жас буын арасында ұлттық ойынның танымалдығын арттыруға басымдық берілген. Түрлі турнирлер мен жарыстар жас ойыншылардың тәжірибе жинауына, қабілетін шыңдауына жол ашуда. Жалпы чемпионат – 2026 жылғы рейтингтік маусымның қорытынды жарысы. Мұнда көрсетілген нәтиже спортшылардың жылдық рейтингіне әсер етіп, маусымның үздіктерін анықтауға негіз болады. Алты күн бойы жалғасатын тартысты ойындар қорытындысында ел чемпиондары мен жылдың үздік тоғызқұмалақшысыда белгілі болады. Осылайша, ұлттық ойынның үздіктері анықталып, алдағы халықаралық жарыстарға дайындықтың жаңа кезеңі басталмақ.Әуезді әуен, асқақ рух, Отанға деген сүйіспеншілік! Республика күні қарсаңында Шымкентте әскери оркестрдің қатысуымен салтанатты кеш өтті. Мерекелік шараның мақсаты...
Ақпаратқа сену оңай. Ал оның ақ-қарасын ажырату ше? Бүгінде жалған діни насихат пен теріс идеологияның ықпалына түсуден сақ болу маңызды....
Қазақтың қонақжайлығы, ұлттық тағамдары мен ғасырлар бойы сақталған салт-дәстүрі шетелдік меймандардың назарын аударды. Шымқала этноауылына 40 мемлекеттен келген инвесторлар мен...
Бір отбасы баспана алу бақытын жеті жыл армандаса, енді бірі кезекті он бір жыл күтті. Шымкенттік 30 отбасы көптен күткен...
Шымкентте бұқаралық спортты дамытуға бағытталған веломарафон өтті. «Шымкент веломарафонына» 300-ге жуық спортшы қатысып, 20 шақырымдық қашықтықты бағындырды. Бұқаралық шараның мақсаты...
Шымкентте Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Жиынға кәсіподақ мүшелері мен сала ардагерлері қатысып, еңбек адамдарының құқығын қорғау...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.