Шымкентте бұқаралық спортты дамытуға бағытталған веломарафон өтті. «Шымкент веломарафонына» 300-ге жуық спортшы қатысып, 20 шақырымдық қашықтықты бағындырды. Бұқаралық шараның мақсаты – тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, велоспортқа деген қызығушылықты арттыру. Спортты серік еткендер Шымкентте өткен веломарафонда бас қосты.
Бұқаралық спорттық шараға 300-ге жуық спортшы белсенді өмір салтын қолдады. Қатысушылар тәуелсіздік саябағынан бастап Атшабар аумағына дейінгі 20 шақырымдық қашықтықты велосипедпен жүріп өтті. Жарысқа жиналғандарға спорт басқармасы басшысының орынбасары сәттілік тілеп, қатысушыларға қолдау білдірді. Бұқаралық спорттық шараларға белсенді қатысатын қала тұрғындарының бірі –Музафар Ұлықбеков. Ол түрлі марафоннан қалыс қалмай, спорттық бастамаларға тұрақты түрде атсалысып келеді.
Бұл жолы да веломарафонға қатысып, 20 шақырымдық бағытты бағындыруға ниет білдірді. Веломарафонның қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортқа деген қызығушылықты арттырды. Осындай шаралар кәсіби спортшылармен қатар, әуесқой велошабандоздарға да өз мүмкіндіктерін сынауға жол ашады.










