Әуезді әуен, асқақ рух, Отанға деген сүйіспеншілік! Республика күні қарсаңында Шымкентте әскери оркестрдің қатысуымен салтанатты кеш өтті. Мерекелік шараның мақсаты – ұлттық рухты нығайтып, жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру.
Жастар ресурстық орталығы мен Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімі бірлесіп ұйымдастырған кеште әскери оркестр патриоттық шығармаларды орындап, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады. Салтанатты жиында алғаш болып сөз алған 6506 әскери бөлімінің командирі көпшілікті келе жатқан Республика күнімен құттықтап, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызын атап өтті.
Сонымен қатар, шара барысында жастарға патриоттық тәрбие беріп, елжандылықты дәріптеуге үлес қосып жүрген бірқатар ұстаздар мен мамандар марапатталды. Олардың еңбегі бағаланып, алғыс хаттар табысталды. Мерекелік кеш елге деген сүйіспеншілікті арттырып, өскелең ұрпақтың бойында Отанға қызмет етуге деген жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталды.

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare
site-verification-ok










