Ақпаратқа сену оңай. Ал оның ақ-қарасын ажырату ше? Бүгінде жалған діни насихат пен теріс идеологияның ықпалына түсуден сақ болу маңызды. Әсіресе, өмірлік бағытын енді қалыптастырып келе жатқан жастар үшін. Осы орайда Шымкентте пробация есебінде тұрған азаматтарға діни экстремизмнің алдын алу мақсатында семинар-тренинг өтті.
Кез келген ақпаратқа көзсіз сену – жаңсақ шешімге әкелуі мүмкін. Сондықтан ақпаратты тексеріп, дереккөзге мән беру және мәліметті сыни тұрғыдан бағалай білу маңызды. Семинар барысында қатысушыларға діни экстремизмнің зияны мен оның адам өміріне тигізетін кері әсері түсіндірілді. Сондай-ақ радикалды идеологияның арбауына түспеу, жалған діни насихатты ажырату және ақпарат тарату кезінде жауапкершілік таныту мәселелері қозғалды.
Қалалық Дін істері басқармасы ұйымдастырған жиынға бес ауданның пробация бөлімдерінің басшылары мен инспекторлары, тиісті департамент өкілдері және басқарма мамандары қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – азаматтардың діни және ақпараттық сауаттылығын арттырып, теріс идеологияның алдын алу.

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare
site-verification-ok










