• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Шілде 11, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ИДЕОЛОГИЯ — ҚУАТТЫ КҮШ

30.04.2024
0

Ұлтты ұйыстыратын да, ұяны бұзатын да – ұлттық идеология. Қоғамның кеселін анықтап, оны емдеуші, отбасы, жастар, билік институтын берік қалаушы – ішкі саясат басқармасы. Қоғамның артериясы деуге болады. Кез келген дұрыс емес шешім елдің ертеңіне әсер етеді. Осы мақсатта Шымкент қаласының салалық басқармасы кеңейтілген алқа мәжілісін өткізіп, өткен жылы тындырылған тірліктер мен ағымдағы жылдың жоспарымен таныстырды. Басқосуда мемлекеттік қызметтегі кадр тапшылығы, жастар арасында патриотизмды нығайту сынды бірқатар мәселелер айтылды.

     Қоғамдағы әлеуметтік-саяси ахуалды қадағалап,тұрақтылықты сақтаушы ішкі саясат және жастар істері жөіндегі басқармасына 2023 жылы — қоғамдық келісім, әлеуметтік тапсырыс, жастар, мемлекеттік ақпараттық саясат пен өңірлік коммуникацияға 2 млрд 192 миллион бөлінген. Осының негізінде  түрлі бағатта сан мыңдаған шара өтіп, оған жастар қатысқан.Бұл жөнінде басқарма басшысы Бахтияр Өнербаев мәлімдеді.

Ішкі саясат саласындағы негізгі бағыттың бірі қоғамдық тұрақтылықты сақтау. Түрлі этнос өкілдері мен этникалық топтардың татулығы мен келісімін дәріптеу үшін қаладағы 17 этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен шаралар ұйымдастырлыған.  Мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан саясатты елге көрсетіп, бұқараны құлағдар етуші БАҚ беттерінде 78 мың ақпарат шығып, түсіндірілген.

Алқалы жиынға қатысушылар атқарылған істердің аз еместігін, дегенмен, босаңсуға болмайтынын атты. Батыс-пен шығыстың өркениеті араласып, секунд сайын өзгеріп отыратын жаһандану заманында біліммен қаруланып, ұлттық құндылықтарды ұмытпау – негізгі мәселе. Осы ретте қаланың белсенді азаматы Серікбай Онбаев патриоттық бағыттағы шаралардың кем екендігін айтады.

Мемлекеттік қызметте, оның ішінде ішкі саясатта өз ісінің маманын табу – өзекті мәселе. Яғни, соңғы кезде қағазбастылық пен бітпейтін есеп-қисаптан кадр саясатында жастардың қатары сиреп барады. Тапшылықты шешіп, олқылықтың орнын толтыру бойынша «Аманат» партиясының қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева тәжірибелі психолог, психотерапевт және суицологтармен шеберлік сабақтарын өтікізіп тұруды сондай-ақ, мамандарды белсене жұмыс жасауына ықпал ететін жобаларды ұсынды.

Мегаполисте 563 үкіметтік емес мекеме тіркелген. Президент азаматтық қоғам мықты болса, мемлекет те мықты екенін өз Жолдауында көрсеткен. Қоғамның белсенді болуы – әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштің жақсаруына, демократиялы дамуға жол бастайды. Дегенмен, жарыссөзге шыққан «Азаматтық альянс» Шымкент қалалық филиалының жетекшісі Жұмағали Білісбеков бүгінде құрылған ҮЕҰ-дың көбісі жасап жүрген жұмыстары шынайылықтан алыстап бара жатқындығын айтты. Яғни, белгіленген шаралар жай есеп үшін ғана  өткізіліп отырғанына  қынжылды.

Жиынға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, басқарма басшылары, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері мен жастар қатысты. Ортаға шығып, сөз алған белсенді азаматтар берік идеологияны орнықтыру жолындағы өз тұжырымдарын, көзқарастарын айтты. Мәселелер де ашық алаңда айтылып, еститін билік өкілдері блокнотына түртіп отырды. Басқосу соңында  әкім орынбасары тиісті басұармаға айтылған ұсыныстар мен уәждер бойынша қолға алынуы тиіс жұмыстарды жүйелеуді тапсырды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.