• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Тамыз 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ПОГОН АРТЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

24.06.2026
0

Тәулік бойы тынымсыз қызмет. Қауіп пен қатерге қарамастан қоғамдық тәртіпті күзету. Бірі қылмыстың алдын алса, енді бірі адам өмірін сақтап қалу үшін жанын бәйгеге тігеді. Полицей болу мамандық қана емес, үлкен жауапкершілік. Кәсіби мерекелерін атап өткен тәртіп сақшылары қандай құрметке ие болды? Полицейлер күніне арналған салтанатты шара ең алдымен қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан батырларды еске алудан басталды. Жиналғандар олардың рухына тағзым етіп, ерліктерін құрметпен еске алды. Марқұмдардың туыстарына арнайы сый-сияпаттар табысталды.

Салтанатты жиынға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, құқық қорғау қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Ол тәртіп сақшыларының қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі еңбектеріне жоғары баға берді. Сонымен қатар бірқатар қызметкерлер марапатқа ие болды. Мерекелік шараға қазіргі қызметкерлермен қатар полиция саласының ардагерлері де қатысты. Көп жылын құқық қорғау жүйесіне арнаған мамандар жас буынға ақыл-кеңестерін айтып, бұл қызметтің тәртіпті, табандылық пен төзімділікті талап ететінін жеткізді. Олар тәжірибелі қызметкерлерден үйренудің маңызын ерекше атап өтті.

Салтанатты жиында марапатталғандардың қатарында киберқылмысқа қарсы күрес бағытында еңбек етіп жүрген мамандар да болды. Медаль иегерлерінің бірі Шыңғыс Жайлаубек. бүгінде алаяқтықтың басым бөлігі әлеуметтік желілер арқылы жасалатынын айтып, тұрғындарды цифрлық сауаттылықты арттыруға шақырды. Оның сөзінше, сақтық пен ақпараттық қауіпсіздік қылмыстың алдын алудың басты жолы. Ал жаңа шен иелегендер арасында Талғат Ережепов арнайы кәсіби даярлық басқармасында қызмет етеді. Ол оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастырумен қатар жедел әрекет ету топтарының дайындығына да үлес қосып келеді. Қызметкердің айтуынша, бүгінгі алған жаңа шені оған үлкен жауапкершілік жүктейді және алдағы міндеттерді абыроймен атқаруға ынталандырады.

Бүгінде Шымкентте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары цифрлық технологиялармен толықтырылуда. Қала аумағында 200 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Мамандардың айтуынша, бұл жүйе ұрлық, вандализм және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға мүмкіндік беріп отыр.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Отандық брендтерді бір алаңға тоғыстырған «Terra Fashion» жобасы биыл бесінші маусымын өткізді. Бұған дейін жабық ғимараттарда ұйымдастырылып келген жәрмеңке бұл...

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген тағылымды сөзі тоғызқұмалақ тақтасында да көрініс табады. Өйткені бұл ойыннан жеңіске жету үшін...

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Танкілер, жауынгерлік машиналар мен әскери автокөліктер Жамбыл облысындағы «Матыбұлақ» полигонына аттанды. Бұл – Қазақстан Қарулы Күштерінің «Батыл тойтарыс – 2026»...

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Қазақтың қолөнері – ғасырлардан жеткен асыл мұра. Бүгінде сол мұраны дәріптеп қана қоймай, оны кейінгі ұрпаққа үйретіп жүрген шеберлер аз...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.