23 ақпанда Қарқаралы ауданының Талды ауылында 2 пәтерлі бір қабатты тұрғын үйде 10 шаршы метр алаңда үй заттары, жиһаз, терезе және есік блоктары өртенді. Төтенше жағдай салдарынан 4 бала көз жұмды.
Балалар омбудсмені Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Баланың үлкені 5-те, кішісі — 1,5 жаста. Өрт шыққан кезде балалар үйде жалғыз болған. Анасы мектепте мұғалім, әкесі құрылыс алаңында жұмыс істейді. Оқиға 23 қаңтар кешкілік уақытты болған», — деп жазды ол.
Зардап шеккен отбасыға жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр.
Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу іс-шаралары басталды, сараптамалар тағайындалды.
«Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталып жатыр», — деп мәлімдеді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.