Шымкентте патрульдік полицейлер өрттің алдын алдв. Ташенов көшесін патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары қою түтінді байқап, оқиға орнына бірден жеткен. Олар өрт сөндірушілерді шақырып, үй ішін толық тексеріп, адамдардың жоқ екеніне көз жеткізді.
Полицейлер бірден «101» қызметіне хабар беріп, өрт сөндірушілерді шақырады. Арнайы қызмет келгенге дейін уақытты жоғалтпай, өз қауіпсіздігін барынша сақтай отырып, үйдің ішіне кіріп, барлық бөлмені аралап, адамдардың бар-жоғын тексереді. Абырой болғанда, үй ішінде ешкім болмайды.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері өрт сөндіру қызметімен тұрақты байланыста болып, олардың оқиға орнына мүмкіндігінше жедел жетуін сұрайды. Өрт сөндіру техникасы келген сәтте жол қозғалысын реттеп, арнайы көліктердің еш кедергісіз өтуіне жағдай жасайды.










