Кәсіпкер болу – тәуекелге бел буып, жауапкершілік арқалау. Ал бизнесті дамыту үшін қаржылай қолдаудың маңызы зор. Бүгінде кәсіпкерлерге қандай мүмкіндіктер ұсынылады? Жеңілдетілген несие кімдерге беріледі? Бұл туралы «Даму» қорының өкілі баспасөз брифингінде баяндады.
Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында «Даму» қоры бірнеше қолдау құралын ұсынады. Олардың қатарында жеңілдетілген несие, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдік беру бар.
Бизнесті өркендетуге бағытталған бағдарламалардың бірі – «Іскер аймақ». Оның аясында кәсіпкерлерге несие пайызының бір бөлігін субсидиялау арқылы қолдау көрсетіледі. Қаржыландыру негізінен өңдеу өнеркәсібі мен экономиканың жекелеген салаларына бағытталған.
Кейде кәсіпкердің бизнес-жоспары дайын болғанымен, несие алуға қажетті кепіл мүлкі жеткіліксіз болуы мүмкін. Мұндай жағдайда қордың кепілдік беру құралдары көмекке келеді. Бұл тетік қаржыландыруға қолжетімділікті арттыруға бағытталған.Бизнесті кеңейту мен өндірісті дамыту үшін ұзақ мерзімді қаржы қажет. Осы мақсатта «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ол өңдеу өнеркәсібі, туризм, IT және креативті индустрия салаларындағы кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Кәсіпкерлерге қажетті қолдау құралдарын бір жерден алу мүмкіндігі де қарастырылған. «Даму» қорының базасында жұмыс істейтін «Бәйтерек» холдингінің Бірыңғай фронт-офисі бірнеше ұйымның қызметі туралы ақпарат беріп, өтінім тапсыруға көмектеседі. Бұл кәсіпкерлердің уақытын үнемдеп, тиісті қаржыландыру көзін іздеу үдерісін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Бизнестегі қиындықтар тек қаржы тапшылығымен шектелмейді. Берешекті реттеу, өнім өткізу және қаржылық тұрақтылықты сақтау да маңызды. Осы мәселелерді шешуге жәрдемдесу үшін Кәсіпкерлікті қолдау және сүйемелдеу орталығы жұмыс істейді. Мұнда кәсіпкерлердің мәселелері қаралып, оларды шешу жолдары айқындалады.
Қаржыландырумен қатар, кәсіпкердің білімі мен тәжірибесін жетілдіру де маңызды. Қор онлайн оқыту, кеңес беру және өнімді өткізуге жәрдемдесу қызметтерін ұсынады. Атап айтқанда, кәсіпкерлер бизнес жүргізу, маркетинг және қаржыны басқару бойынша білім ала алады.
Қаржыландырумен қатар, кәсіпкердің білімі мен тәжірибесін жетілдіру де маңызды. Қор онлайн оқыту, кеңес беру және өнімді өткізуге жәрдемдесу қызметтерін ұсынады. Атап айтқанда, кәсіпкерлер бизнес жүргізу, маркетинг және қаржыны басқару бойынша білім ала алады.












