Масаң күйде көлік жүргізген азамат жүргізуші куәлігімен қош айтысты. Енді 7 жылға дейін көлік тізгіндей алмайды. Оқиғаның мән-жайы былай. Қазір мегаполисте «Тасымалдаушы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. осының аясында Нұрлыбаев көшесінің бойымен көлік жүргізіп келе жатқан азаматтың әрекеті күмән тудырған. Тексеру барысында 35 жастағы жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны белгілі болды. Жалпы аталған шара аясында алғашқы тәулікте жолаушылар тасымалы саласына қатысты 543 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде заңсыз такси қызметінің – 72, жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзудың – 68, қауіпсіздік белдігін тақпаудың – 47 және техникалық талапқа сай келмейтін көлікті пайдаланудың – 32 дерегі тіркелді. Полицейлер мұндай профилактикалық шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде жалғасатынын айтады 
ПОЛИЦЕЙЛЕР ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛДЫ
Шымкентте патрульдік полицейлер өрттің алдын алдв. Ташенов көшесін патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары қою түтінді байқап, оқиға орнына бірден жеткен. Олар...










