«Amanat» партиясының Шымкент халқына берген уәдесін орындауға 1,2 трлн теңге жұмсалады деп жоспарлануда. Бүгін қалалық мәслихат депутаттары басқосып, дамудың жол картасын бекітті. «Халықпен бірге» деп аталатын сайлауалды бағдарламасы төрт бағыттан тұрады. Ауқымды жоспар бес жылға арналған. Аталған мерзім ішінде 452 іс-шара жүзеге аспақ. Соның негізінде Шымкент қаласында 2027 жылдың соңына дейін 5,5 млн шаршы метге тұрғын үй салынады. 90 мың жұмыс орны ашылады. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,2 пайызға төмендеп, 18 медициналық мекеме, перзентхана және көпбейінді аурухана бой көтереді. Одан бөлек, әлеуметтік, инфрақұрылым, білім салалары да біршама дамудың алдында тұр. Бұл туралы саяси кеңес бюросының отырысында қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов әріптестеріне баяндама жасады. Ал, жоспарды жүзеге асыру үшін әр депутатқа тапсырмалар берілім, жауапкершілік жүктелді.
Айғақ-ақпарат