Қазақстанның Бас прокуратурасы қазақстандықтар шетелге қылмыстық жолмен шығарған $56 млн қаражат шоттарына тыйым салынды, деп мәлім етті қадағалаушы органның орынбасары Андрей Кравченко.
«Бүгінгі таңда шетелде $56 млн қаражат шоттарына тыйым салынды», — деді А. Кравченко жұмада бас прокуратураның 2016 жыл қорытындысы бойынша жиында.
Оның айтуынша, прокурорлар бірнеше бағытта жұмыстар жүргізіп жатыр. Оның бірі жымқырылған активтерді шетелден қайтару. Бұл ретте ол бұл мәселенің кез келген ел үшін өзекті екенін және «бұл жерде шығынның миллиард доллармен есептелетінін» атап өтті. А. Кравченко Қазақстаннан шетелге қылмыстық жолмен ұрланған ақшаны іздеп, қайтаруға шетелдік және жергілікті сарпшылардың көмектесетінін айтты.
«Бұл бағытта не істедік? 186 тергеуші мен прокурорды қалай активтерге жедел түрде тыйым салу және елге қайтару керектігіне оқыттық. 10 ұлттық оқытушыны дайындадық. Бұл адамдар алған білімдерін басқа прокурорлар мен тергеушілерге үйретеді. Активтерді қайтару жөніндегі әлемдік ақпаратты алмасу желісіне қосылдық — бұл Еуропадағы CARIN және Азиядағы ARIN-AP, жымқырылған активтерді қайтару бойынша Дүниежүзілік банктің StAR жобасы. Шетелден қаржыны қайтару бойынша тергеушілер үшін әдістеме әзірленді», — деді бас прокурордың орынбасары..
«Оның үстіне, Қазақстанның тергеу тәжірибесінде алғаш рет халықаралық есепші-сарапшыларды тарттық. Және олардың есептерін алғаш рет қылмыстық істер бойынша дәлел ретінде шетелдік прокурорлар қабылдады», — деді ол.
Ақпарат көзі: ҚазТАГ