Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ТИІМДІ ТАҢДАУ ҰСЫНЫЛДЫ
    Айғақ MEDIA

    ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ТИІМДІ ТАҢДАУ ҰСЫНЫЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.07.202665 Views

    Болашаққа бастар маңызды қадам – бүгінгі таңдау. Шымкентте талапкерлерге арналған мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Бір алаңға жиналған жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жастарға өз мүмкіндіктерін таныстырды. Ал талапкерлер оқу орындарының өкілдерімен тікелей тілдесіп, өздерін қызықтырған мамандықтар бойынша кеңес алды.
    Мамандықтар жәрмеңкесіне 8 жоғары оқу орны мен 36 колледждің өкілдері қатысты. Іс-шара барысында талапкерлер таңдаған мамандықтары бойынша жоғары оқу орындары мен колледждердің мамандарынан кеңес алып, білім беру бағдарламалары, мемлекеттік гранттар және қабылдау ережелері туралы жан-жақты ақпарат алды.

    Шымкентте 2024 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Аймақтық инновациялық университеті талапкерлерге жаңа мүмкіндіктер ұсынып келеді. Бүгінде оқу орнында 14 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның 10-ы бойынша мемлекеттік білім беру гранттары қарастырылған.

    Жәрмеңкеге 17 жастағы мектеп түлегі Муяссар Раушанбекова да арнайы келген. Ол өзі таңдаған оқу орны – Қазақстан жоғары медициналық колледжі туралы толық ақпарат алып, білім беру бағдарламалары мен қабылдау талаптарымен танысты. Болашақта медицина саласының маманы болуды мақсат еткен жас түлек мұндай кездесудің саналы таңдау жасауына үлкен мүмкіндік бергенін айтады.
    Айта кетейік, талапкерлерге арналған мамандықтар жәрмеңкесі сағат 19:00-ге дейін жалғасты. Бұл – болашақ мамандығын таңдауға ниетті жастар үшін оқу орындарының мүмкіндіктерімен танысып, қажетті ақпаратты бір алаңнан алуға мүмкіндік берген маңызды алаң болды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.