Әлемдік аренадан олжалы оралған палуанды Шымкентте салтанатты түрде қарсы алды. Грек-рим күресінен U23 санатындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Джохар Узаров АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен дүбірлі додада үздіктер қатарынан көрінді. Жас спортшының жеңісі жанкүйерлерге қуаныш сыйлап, ел мерейін асқақтатты.
Шымкент әуежайында әлемдік дода жүлдегері Джохар Узаровты жанкүйерлері мен жақындары зор қуанышпен қарсы алды. Қолдарына гүл шоқтарын ұстаған көпшілік жас палуанға ақ тілектерін арнап, жеңісіне ортақтасты. Бұл сәт спортшы үшін ерекше әсерге толы, еңбегінің еленгенін сезінген қуанышты сәт болды. Ал әлемдік аренада ел намысын қорғаған палуан алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындыруды жоспарлауда.
Айта кетейік, АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен U23 әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті. Бес отандасымыз жеңіс тұғырына көтеріліп, ел қоржынына екі алтын, бір күміс және екі қола медаль салды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.
Джохар Узаровтың әлем чемпионатындағы жүлдесі – отандық күрестің әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеген жетістік. Жас палуанның жеңісі жанкүйерлерге қуаныш сыйлап қана қоймай, спорттағы жаңа белестерге жол ашты.

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare
site-verification-ok