Шымкентте жас өнертапқыштар өзара бақ сынап, робототехника әлеміндегі шеберліктерін көрсетті. ROBOPARK LIGA XIII республикалық жарысына еліміздің әр өңірінен 50-ден астам команда қатысты. Олар өздері құрастырған роботтарды сынақтан өткізіп, білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды. Ерекшелігі бұл сайысқа балалар ата-аналарымен бірге қатысады.
Сайыстың ашылу салтанатында Әнұран шырқалып, әр қаладан келген командалар таныстырылды. Шара мерекелік концерттік бағдарламамен өтті. Жас робототехниктер үш бағыт бойынша бақ сынады: сумо, робот құрастыру және кегельринг. Әр кезеңде оқушылардың техникалық дайындығы, логикалық ойлауы мен роботты басқару шеберлігі сынға түсті.
ROBOPARK LIGA — жай ғана жарыс емес, болашақ инженерлердің қабілетін шыңдайтын білім алаңы. Қатысушылар мұнда тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен танысып, өз жобаларын жетілдіруге мүмкіндік алды.
Жарыстың басты ерекшелігі — оқушылардың ата-аналарымен бірге қатысуы. Мұнда балалар робот құрастырып қана қоймай, үлкендермен бірлесе жұмыс істеуді үйренеді. Бес жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан сайысқа Кентаудан арнайы шәкірттерін алып келген ұстаздың бірі де робототехниканың маңызына тоқталды. Оның айтуынша, мұндай жарыстар баланың ізденісін арттырып, технологияға деген қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар мен командалар дипломмен марапатталды. Осындай шаралар өскелең ұрпақтың ғылым мен заманауи технологияларға деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандыққа бастар жолын айқындайды.
site-verification-ok
site-verification-ok

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare