• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Тамыз 8, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МӘСЛИХАТЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

17.07.2026
0

Шымкент қаласының мәслихатына жаңа төраға тағайындалды. Депутаттардың ашық дауыс беру қорытындысы бойынша бұл қызметке Мұрат Жолдықожаев сайланды. Бұған дейін мәслихат төрағасы болған Баһадүр Нарымбетов Қазақстан Республикасының Құрылтайына «Әділет» партиясынан кандидат ретінде тіркелуіне байланысты өз өтінішімен қызметінен босатылды. Бұл кадрлық өзгерістер Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс отыз жетінші сессиясында жарияланды. Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс отыз жетінші сессиясы өтті. Жиынға қала әкімі, әкімдік мүшелері және 25 депутат қатысты. Күн тәртібіне төрт мәселе енгізілді. Алғашқы мәселе – кадрлық өзгерістерге байланысты Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту. Депутаттар ұсынылған құрамды бірауыздан қолдап, тиісті шешім қабылдады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе – Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы болды. Өздері сайланған саяси партиялардан шығуына байланысты Айжан Наимбекова мен Батыркелді Әшірбаевтың депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, олар мәслихат жанындағы тұрақты комиссиялар құрамынан шығарылды. Сонымен қатар, мәслихаттың кәсіпкерлікті дамыту және цифрландыру жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып Мұрат Қонақбаев сайланды.

Сессия барысында депутаттар Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Баһадүр Нарымбетовтің өз өтініші негізінде өкілеттігін тоқтату туралы шешімді қолдады. Одан кейін ашық дауыс беру нәтижесінде Мұрат Жолдықожаев Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы болып сайланды. Депутаттар жаңадан сайланған төрағаға сенім білдіріп, оның жергілікті өкілді және атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ қала тұрғындарының мүддесіне бағытталған бастамалардың тиімді жүзеге асуына үлес қосатынына сенім білдірді. Өз кезегінде Мұрат Жолдықожаев көрсетілген сенімді ақтап, жүктелген міндеттерді абыроймен атқаратынын жеткізді. Жиын барысында сөз алған Баһадүр Нарымбетов депутаттық корпусқа бірлескен жұмысы үшін алғысын білдіріп, мәслихаттың алдағы қызметіне табыс тіледі. Сессия барысында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мәслихаттың бұрынғы төрағасы Баһадүр Нарымбетовке жергілікті өкілді орган қызметінің дамуына, депутаттық корпустың нәтижелі жұмысына және қаланың әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді. Осылайша, кезектен тыс сессия барысында күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Мәслихаттың жаңа төрағасы сайланып, тұрақты комиссиялар құрамына өзгерістер енгізілді. Депутаттар алдағы уақытта қала дамуына бағытталған жұмыстардың жүйелі жалғасатынына сенім білдірді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген тағылымды сөзі тоғызқұмалақ тақтасында да көрініс табады. Өйткені бұл ойыннан жеңіске жету үшін...

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Танкілер, жауынгерлік машиналар мен әскери автокөліктер Жамбыл облысындағы «Матыбұлақ» полигонына аттанды. Бұл – Қазақстан Қарулы Күштерінің «Батыл тойтарыс – 2026»...

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Қазақтың қолөнері – ғасырлардан жеткен асыл мұра. Бүгінде сол мұраны дәріптеп қана қоймай, оны кейінгі ұрпаққа үйретіп жүрген шеберлер аз...

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Шымкентте 40 тұрғынның көптен күткен арманы орындалды. Әлеуметтік санаттағы азаматтарға арендалық тұрғын үйдің кілті табысталды. Жылдар бойы баспана кезегінде тұрған...

АБАЙ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

АБАЙ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

10 тамыз – қазақтың ұлы ойшылы, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Осы айтулы датаға орай Шымкентте «Абай сөзі –...

ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ТЕГІН КӨМЕК

КҮН САЙЫНҒЫ ЕРЛІК

Айғақ медиа
05.08.2026
0

Бір күн. Ондаған тапсырма. Жүздеген адамның қауіпсіздігі. Бұл – полиция қызметкерінің қалыпты жұмыс күні. Форманың ар жағында қандай жауапкершілік жатыр?...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.