• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Шілде 18, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жергілікті полиция жұмысы жүйеленбек

05.02.2016
0

Елбасымен бекітілген «Ұлт жоспары — 100 нақты қадамды» жүзеге асыруға құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы өз үлесін қосуда. Сондай-ақ, прокуратура, әкімдік және жергілікті полиция органдарымен бірлесіп қызмет атқаруда, — деді ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің ОҚО бойынша басқармасы бастығының орынбасары Әріпхан Пірімбеков. Осы мақсатта аталған орган Ұлт жоспары аясында құрылған жергілікті полиция қызметкерлеріне жұмысын ұйымдастыруға және бағалауға қажетті шынайы және толық ақпарат көздерін ұсынуға дайын екенін жеткізді. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары өз құзіреті шеңберінде жалпы тіркелген қылмыстар саны, оның түрлері, осы қылмыстардың қай жерде, кімдермен және қалай жасалғаны, яғни қоғамдық орындарда, бұрын сотталған адамдармен, мас күйінде, кәмелет жасқа толмағандарға, әйелдерге қатысты жасалғаны, сондай-ақ, олар бойынша қабылданған процессуалдық шешімдер туралы және тағы басқа да мәліметтерді жинақтап, электрондық картаға тіркейді. Бұл мәліметтерді жергілікті полиция органы қызметін ұйымдастыру үшін Комитеттің «Ақпараттық сервис» жүйесі арқылы статистикалық мәлімет түрінде немесе геоақпарат түрінде ала алады. Ол үшін ғаламтордағы service.pravstat.kz электрондық мекен-жайына жүгінсе жеткілікті. Айта өту қажет бұл қызмет интернетте кез-келген азаматқа қол жетімді. 2012 жылы іске қосылған электрондық картаның құрылу мақсаты — қылмыстық құқықбұзушылықтар туралы ашық мәліметтермен қоғамды ақпараттандырып, барынша олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қылмыс туралы ақпарат тіркелген соң, мәлімет автоматты түрде 2-3 минутта картада көрсетіледі. Сондай-ақ, картада жол-көлік оқиғасы бойынша егжей-тегжейлі мәлімет алуғада болады. Бұл сәйкесінше, жергілікті полиция мен әкімдік үшін жол қауіпсіздігін сақтау бойынша, ал жүргінші мен жүргізуші үшін өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Ал, жыл басынан бері «Тұлғалардың жүгіну картасы» жұмыс жасауда. Мұнда облыс, қала, ауданға шаққанда мемлекеттік органдарға түскен өтініштер саны, түрі, қандай мәселемен жүгінгені туралы ақпарат беріледі.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МӘСЛИХАТЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МӘСЛИХАТЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
17.07.2026
0

Шымкент қаласының мәслихатына жаңа төраға тағайындалды. Депутаттардың ашық дауыс беру қорытындысы бойынша бұл қызметке Мұрат Жолдықожаев сайланды. Бұған дейін мәслихат...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ-2026: АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ-2026: АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Айғақ медиа
17.07.2026
0

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына байланысты "Айғақ" телеарнасы, "Айғақ" газеті мен әлеуметтік желілердегі сайлауалды үгіт...

10 МЛН ТЕҢГЕЛІК АЛАЯҚТЫҚҚА ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
16.07.2026
0

Шымкентте киберполиция 10 миллион теңгені алаяқтардың қолына түсуден сақтап қалды. Белгісіз адамдар қала тұрғынына хабарласып, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып,...

31 ЗАҢСЫЗ ҚОҚЫС ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ

МЕГАПОЛИСТЕН ШЫҚҚАН ЖАС ТАЛАНТ

Айғақ медиа
16.07.2026
0

Жүзу – төзімділік пен тәртіпті талап ететін спорт түрі. Шымкентте осы спортқа қызығатын жастардың қатары жыл сайын артып келеді. Солардың...

31 ЗАҢСЫЗ ҚОҚЫС ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ

31 ЗАҢСЫЗ ҚОҚЫС ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
16.07.2026
0

Шымкентте биыл 31 заңсыз қоқыс орны анықталды. Бұл туралы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру...

ЖАҢА БАСПАНА ИЕЛЕНГЕН 30 ОТБАСЫ

ЖАҢА БАСПАНА ИЕЛЕНГЕН 30 ОТБАСЫ

Айғақ медиа
15.07.2026
0

Шымкентте тағы 30 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.