• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Мамыр 31, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар. 26 қараша, 2018 жыл.

28.11.2018
0

— Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев облыс әкімдеріне коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуіне жол бермеуді тапсырды, «Елбасының тапсырмасын орындау барысында біраз жұмыс атқарылды. 2019 жылдың қаңтарынан бастап электр энергиясы мен газ тарифтері, оған байланысты жылу, су тарифтері төмендейтін болады. Көмір арзандайды. Мобильдік байланыс пен интернет тарифтері де төмендемек. Яғни, Мемлекет басшысының қойған тапсырмалары бірінші қаңтардан бастап іске асырылуы қажет»,- деді Бақытжан Сағынтаев. Осы ретте Үкімет басшысы әкімдіктерге көмірдің қолайлы бағасын қамтамасыз ету үшін өңірлік операторлардың үздіксіз және сапалы жұмысын қолға алуды тапсырды.

— Сондай-ақ, Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек көмір бағасын қалай төмендететіндігін «Көмір разрезіндегі баға өзгермейді, ол — 5500 теңге. Трейдер бағаны 60-70 пайызға төмендетеді, үстеме 2 985 теңгеден 885 теңгеге дейін төмендейді деп жоспарлап отырмыз. Орташа алғанда 2 100 теңгеге дейін айырмашылық болады. Шұбаркөл разрезінен Астанаға дейін теміржолмен тасымалдау шығыны 1 715 теңгені құрайды. Стансалар арасындағы қашықтық 616 шақырым»,- деді ол. Оның айтуынша, теміржол көлік шығындары стансадан эстакадаға дейін 1 242 теңгені құрайды. Оған вагондарды стансадан көмір сақтау орындарының шекарасына дейін жеткізу, көмір сақтау орындарының шекарасынан эстакадаға дейін түсіру, иесінің жол тармағы бойынша жүру, вагондарды түсіру шығындары кіреді.

— Шымкент қаласында тұрғындар 100 пайыз электр жүйесімен қамтылса, 92 пайызы көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Келер жылы тұрғындарды 100 пайыз газбен қамту мәселесі жоспарлануда. Бұл туралы мегаполисте өткен Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 41-ші сессиясында Шымкент қаласының қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов баяндады. Сондай-ақ, 2018-2020 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджетіне бірқатар өзгерістер енгізілді.

— Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін  халықтың болашағы зор болады деп жас ұрпаққа үлкен сенем білдірді. Төл тарихымыздың куәсі болып, ХІХ ғасырда бой көтерген Аппақ ишанды көпшілік біле бермейді. Бүгін сол киелі мекенге Тәжікстаннан келген қандасымыз арнайы ат басын бұрды.

— Түркістан облысының аудан, қалаларында жүрген «Дәстүрлі құндылықтар керуені» Ордабасы ауданында. 11 кезекте келген керуен тобы халыққа мәдени, рухани, діни тұрғыда ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылған. Басқосуға аудандық терроризмге қарсы комиссия мүшелері, аудан тұрғындары, мектеп оқушылары қатысты.

— Қараша 24 күні танымал журналист «Просветитель» сыйлығының иегері Ася Казанцева Шымкент қаласының жастарымен кездесті. Мақсат жастардың жат қылықтан аулақ болып өмірге деген құлшынысын арттыру. Басқосу барысында Ася Казанцева түрлі сұрақтарға тұшымды жауап беріп тыңдаушылардың қошеметіне ие болды.

— Шымкент қаласында Ольга Феминская атындағы семсерлесуден халықаралық 13-ші турнир басталды. 3 күнге жалғасатын додаға Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей мемлекеттерінен спортшылар келген. Алғашқы жарыс күніне 60 семсерлесуші қатысты.

— Қазақ тарихының жанашыры, танымал журналист, Алексей Гончаров 57 жасында өмірден озды. Марқұммен қоштасу рәсімі Орыс драма театрында өтті. Өлкетанушы және бірнеше кітаптардың авторы Алексей Гончаровты  ақтық сапарға шығарып  салуға  туыстары, шәкірттері және көзін көрген замандастары келді.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

Айғақ медиа
27.05.2026
0

Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында әскери техникаларды жазғы пайдалану режиміне көшіру жұмыстары аяқталуға жақын. Қару-жарақ пен арнайы техникаларға...

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Айғақ медиа
26.05.2026
0

1 шілдеде күшіне енетін Ата Заңда мұғалімдердің құқықтары қалай қорғалады? Жаңа Конституцияның негізгі өзгерістері қандай? Қала аумағында заңгерлер тұрғындарға түсіндіру...

ШАХМАРДАН ЕСЕНОВКЕ 100 ЖЫЛ

ШАХМАРДАН ЕСЕНОВКЕ 100 ЖЫЛ

Айғақ медиа
26.05.2026
0

Шымкентте Геология саласының майталманы Есеновты еске алды. Қазақтың көрнекті ғалымы, мемлекет және қоғам қайраткеріне биыл 100 жыл. Осыған орай өткен...

ТӘУЕЛДІЛІККЕ ТОСҚАУЫЛ

ТӘУЕЛДІЛІККЕ ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
26.05.2026
0

Нашақорлық індеті – оны жою міндеті. Жастардың зиянды затқа тәуелділігі әлі де алаңдатарлық деңгейде. Есірткі мәселесі қоғамда өзекті болып отыр....

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Кейбірі сауап үшін мал сояды, енді бірі оны міндет деп түсінеді. Алайда Құрбан айттың шынайы мәні неде? Арафа күні неліктен...

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Қаратау ауданында әмбебап жедел қызмет көрсету бекеті ашылды. Ерекшелігі өрт сөндіру, полиция және медицина қызметкерлері бір орталықта жұмыс істейтін болады....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.