• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 5, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

МЕГАПОЛИС ҰСТАЗДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

05.11.2026
0

Шымкентте Ұстаздар күніне орай ұлағат иелеріне құрмет көрсетілді. Салтанатты шараға екі мыңға жуық адам қатысып, білім саласының үздіктері мен ардагерлері бас қосты. Аталған жиында шәкірт тәрбиелеуге ғұмырын арнаған бірқатар педагогтің еңбегі еленіп, қала әкімінің қолынан марапаттар табысталды.

Салтанатты іс-шара «Ұстаз – ұлы тұлға, ұстаздық – ұлы міндет» тақырыбын арқау етті.

Жиында мегаполис әкімі сөз сөйлеп, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен елдің дамуына ұстаздардың қосып отырған үлесіне тоқталды. Ал қаладағы басты міндеттердің бірі – мұғалімдердің сапалы жұмыс істеуіне және балалардың лайықты білім алуына жағдай жасау екенін атап өтті.

Іс-шара барысында білім саласының дамуына өзіндік үлес қосқан үздіктердің еңбегі еленді. Заманауи педагогикалық тәсілдерді шебер меңгеріп, кәсіби қызметінде толымды нәтижеге жеткен, озық тәжірибесімен дараланған бірқатар ұстазға қала әкімі арнайы марапаттар табыстады.

№89 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, филология ғылымдарының кандидаты Айткүл Бейсенбайқызы марапаттау рәсімінде алғашқылардың бірі болып сахна төрінен көрінді. Ұстаз қала әкімінің қолынан «Құрмет» орденін алып, қуанышын бөлісті. Сондай-ақ барша әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандардың қатарында Клара Хамзақызы да бар. Бүгінде ол №1 білім-инновация лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді.

Мерекелік жиын өнерпаздардың тартуына ұласты. Ұстаздар қауымына арналған концерттік бағдарламада сахналық қойылымдар ұсынылып, әуезді әндер әуеледі. Қолдарына марапаттарын ұстаған ұстаздардың көңіл күйі көтеріңкі. Мерекелік кешке жиналған көпшіліктің жүзінен қуаныш байқалады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

СПОРТТА ШЫҢДАЛҒАН ЕРЕКШЕ ЖАСТАР

СПОРТТА ШЫҢДАЛҒАН ЕРЕКШЕ ЖАСТАР

Айғақ медиа
05.11.2026
0

Қабілеті бардың қарымы қапы қалмасын. Тек оған тұсау салмай, талабын шыңдауға мүмкіндік беру керек. Осы мақсатта мегаполисте ерекше жастар арасында...

ДЕБРЕЦЕН МЭРІ ШАҺАР ТӨРІНДЕ

ДЕБРЕЦЕН МЭРІ ШАҺАР ТӨРІНДЕ

Айғақ медиа
05.11.2026
0

Шаһарымыз Венгрияның Дебрецен қаласымен алғаш рет бауырластық байланыс орнатты. Дәлірек айтсақ, екі қала арасындағы іскерлік байланысты бекемдеу мақсатында 60-тан астам...

ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІ – МАМАНДАР НАЗАРЫНДА

ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІ – МАМАНДАР НАЗАРЫНДА

Айғақ медиа
05.11.2026
0

Қыс түссе, газ қауіпсіздігіне қойылатын талап та күшейеді. Спорт шағын ауданы – қалада газдан улану деректері жиі тіркелетін аумақтардың бірі....

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

Айғақ медиа
05.11.2026
0

Шымкентте Республика күніне орай «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Қаланың бес ауданын қамтыған тазалық шарасы аясында Қошқар ата өзенінің бойы...

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Айғақ медиа
05.11.2026
0

Шымкентте жас ғалымдардың үздік жобалары анықталды. Ел болашағына бағытталған тың бастамалар мен ізденімпаз жастардың басын қосқан «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауы өз...

ЖАПОНИЯДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛҒАН ПАРАСПОРТШЫЛАР

ЖАПОНИЯДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛҒАН ПАРАСПОРТШЫЛАР

Айғақ медиа
05.11.2026
0

Спорт саңлақтары еліміздің қоржынын тағы екі медальмен толықтырды. Жапонияда өткен жазғы V Азия Пара ойындарында Ибрагим Нұрмаханұлы пара дзюдодан чемпион...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.