Қыс түссе, газ қауіпсіздігіне қойылатын талап та күшейеді. Спорт шағын ауданы – қалада газдан улану деректері жиі тіркелетін аумақтардың бірі. Осыған орай жауапты мамандар тұрғын үйлерді аралап, азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Профилактикалық іс-шара «Улы газдан сақтан, қауіпсіздік – басты талап» тақырыбында өтті. Тексеру барысында мамандар үй иелеріне қауіпсіздік талаптарын түсіндірді. Ал ережелерді сақтамаған 20-ға жуық тұрғынға ескерту жасалды. Олардың басым бөлігінде газ колонкалары талапқа сай орнатылмаған. Сондай-ақ түтін шығаратын гофра құбырларының сыртқа шығарылмағаны анықталды.
Маманның айтуынша, жыл басынан бері демеушілердің қолдауымен әлеуметтік осал санаттағы тұрғындардың үйлеріне 100-ге жуық газ дабылдатқышы орнатылған. Қауіпсіздік шарасы барысында тағы бір отбасыға құрылғы қойылды. Қыздарының қауіпсіздігіне алаңдаған үй иесі үшін бұл көңілге медеу болған жаңалық еді.
Айта кетсек, ағымдағы жылы газдан улану қаупіне байланысты 280 адам тіркелген. Сол себепті мамандар тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Ал бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare
site-verification-ok












