• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 5, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ДЕБРЕЦЕН МЭРІ ШАҺАР ТӨРІНДЕ

05.11.2026
0

Шаһарымыз Венгрияның Дебрецен қаласымен алғаш рет бауырластық байланыс орнатты. Дәлірек айтсақ, екі қала арасындағы іскерлік байланысты бекемдеу мақсатында 60-тан астам жергілікті және шетелдік кәсіпорын өкілі бизнес-форумда бас қосты. Бұған дейін тек сырттай таныс болған қалалар енді етене араласып, әріптестікті арттырмақ.

Шымкентке Венгрияның Дебрецен қаласының мэрі арнайы ат басын бұрып, ресми сапармен келді. Сапардың өзекті тұсы – қос шаһардың бауырластық байланысын бекемдейтін меморандумға қол қойылуы болды. Қалай десек те, бұл уағдаластық енді екі қала арасындағы сауда-саттық, инвестиция, мәдениет және өзге де салалардағы байланысты өрістетуге жол ашпақ.

60-тан астам жергілікті және шетелдік кәсіпорын өкілі бас қосқан жиынға Венгриядан 14-ке жуық делегация келді. Оның 10-ға жуығы – бизнес өкілдері. Яғни қос шаһар арасындағы бауырластықты енді кәсіпкерлік байланыс бекемдей түспек.

Бүгінде мегаполистің өнеркәсіп саласында 900-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Соның 20-сы – ірі, 40-ы – орта, қалғаны шағын өндіріс орындары. Ал былтырғы жылдың қорытындысы бойынша шаһарға 859 миллиард теңге инвестиция тартылған. Кәсіпорын басқармасы басшысының айтуынша, биыл бұл бағыттағы көрсеткіш 3 пайызға өскен. Айта кетерлігі, аталған өсімді ағымдағы жылы 10 пайызға жеткізу жоспарланған.

Алқалы басқосуда тараптар өзара тәжірибе алмасып, сауда-саттық пен инвестицияға жол ашатын жаңа әріптестік бағыттарды талқылады. Соның ішінде «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан, кеңсеге арналған А4 және А3 форматындағы ксерографиялық қағаз өндіретін компания өкілдері де жаңа мүмкіндіктерден үмітті. Әсте, жиынға жиналған кәсіпкерлер венгриялық әріптестермен тәжірибе алмасып, өзара тиімді байланысты жолға қоюға ниетті.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

СПОРТТА ШЫҢДАЛҒАН ЕРЕКШЕ ЖАСТАР

СПОРТТА ШЫҢДАЛҒАН ЕРЕКШЕ ЖАСТАР

Айғақ медиа
05.11.2026
0

Қабілеті бардың қарымы қапы қалмасын. Тек оған тұсау салмай, талабын шыңдауға мүмкіндік беру керек. Осы мақсатта мегаполисте ерекше жастар арасында...

МЕГАПОЛИС ҰСТАЗДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

МЕГАПОЛИС ҰСТАЗДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Айғақ медиа
05.11.2026
0

Шымкентте Ұстаздар күніне орай ұлағат иелеріне құрмет көрсетілді. Салтанатты шараға екі мыңға жуық адам қатысып, білім саласының үздіктері мен ардагерлері...

ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІ – МАМАНДАР НАЗАРЫНДА

ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІ – МАМАНДАР НАЗАРЫНДА

Айғақ медиа
05.11.2026
0

Қыс түссе, газ қауіпсіздігіне қойылатын талап та күшейеді. Спорт шағын ауданы – қалада газдан улану деректері жиі тіркелетін аумақтардың бірі....

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

Айғақ медиа
05.11.2026
0

Шымкентте Республика күніне орай «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Қаланың бес ауданын қамтыған тазалық шарасы аясында Қошқар ата өзенінің бойы...

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Айғақ медиа
05.11.2026
0

Шымкентте жас ғалымдардың үздік жобалары анықталды. Ел болашағына бағытталған тың бастамалар мен ізденімпаз жастардың басын қосқан «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауы өз...

ЖАПОНИЯДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛҒАН ПАРАСПОРТШЫЛАР

ЖАПОНИЯДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛҒАН ПАРАСПОРТШЫЛАР

Айғақ медиа
05.11.2026
0

Спорт саңлақтары еліміздің қоржынын тағы екі медальмен толықтырды. Жапонияда өткен жазғы V Азия Пара ойындарында Ибрагим Нұрмаханұлы пара дзюдодан чемпион...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.