• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Шілде 21, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

АЙМАҚТЫҚ КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

21.07.2026
0

Балалар кардиохирургиясын дамыту бағытында маңызды жоба қолға алынды. Жыл соңына дейін Шымкентте республикалық деңгейдегі аймақтық кардиохирургиялық орталық ашу жоспарланып отыр. Жоба Шымкент қаласы, Қызылорда және Жамбыл облыстарының тұрғындарын қамтып, туа біткен жүрек ақауы бар балаларға сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы облыстық балалар ауруханасы басшысының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары мәлімдеді.

Шымкенттегі облыстық балалар ауруханасы – балаларға мамандандырылған медициналық көмек көрсететін жетекші емдеу мекемелерінің бірі. Аурухана 422 төсек-орынға арналған және 13 бейіндік бөлімшеден тұрады. Мұнда 120-ға жуық білікті дәрігер мен 600-ден астам орта буын медицина қызметкері тәулік бойы қызмет көрсетеді. Аурухана басшысының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Сұлтанғали Маутайұлы медициналық көмектің сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды.

Жаңа туған нәрестелерден бастап 18 жасқа дейінгі балаларға сапалы медициналық көмек көрсету – облыстық балалар ауруханасының басты бағыты. Бүгінде аудандық және қалалық ауруханалардан жолдамамен келген науқастарды қабылдайтын мекеме заманауи технологиялармен жабдықталған. Мұнда жоғары технологиялы күрделі оталар сәтті жасалып келеді.
Облыстық балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімінде бүгінде жоғары технологиялы күрделі операциялар тұрақты түрде жүргізілуде. Бөлімшенің жетекші мамандарының бірі, 17 жылдық тәжірибесі бар нейрохирург Мұхтар Әбдіқадыров биыл 11–22 мамыр аралығында Қытайдың Шанхай қаласында біліктілігін арттырып қайтқан. Қазіргі таңда бөлімде төрт білікті дәрігер қызмет етеді. Бөлімше 30 төсек-орынға арналған.

Білікті мамандар ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беруге шақырады. Себебі соңғы уақытта балалар арасында химиялық заттарды абайсызда ішіп қою салдарынан өңештің күйіп қалу жағдайлары азаймай отыр. Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға мұндай диагнозбен аптасына кемінде бір бала түседі. Сондықтан тұрмыстық химиялық заттар мен дәрі-дәрмектерді балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау – әрбір ата-ананың басты міндеті.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ТИІМДІ ТАҢДАУ ҰСЫНЫЛДЫ

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ТИІМДІ ТАҢДАУ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
21.07.2026
0

Болашаққа бастар маңызды қадам – бүгінгі таңдау. Шымкентте талапкерлерге арналған мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Бір алаңға жиналған жоғары оқу орындары мен...

БАСПАНА БАҚЫТЫНА КЕНЕЛГЕН 30 ОТБАСЫ

БАСПАНА БАҚЫТЫНА КЕНЕЛГЕН 30 ОТБАСЫ

Айғақ медиа
21.07.2026
0

 Шымкентте халықты тұрғын үймен қамту бағытындағы жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Осыған орай қалада тағы 30 отбасы көптен күткен баспаналарына...

ЕГІН АЛҚАПТАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

ФЕЛЬДШЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ БЕЙНЕЖЕТОНМЕН ҚОРҒАЛАДЫ

Айғақ медиа
20.07.2026
0

Шымкенттің халқы бүгінде 1 миллион 300 мыңға жуықтады. Халық көбейген сайын сапалы медицинаға деген сұраныс та артып келеді. Ал осы...

ЕГІН АЛҚАПТАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

АҚЫЛДЫ БАҒДАРШАМ КӨЛІК КЕПТЕЛІСІН АЗАЙТАДЫ

Айғақ медиа
20.07.2026
0

Қазір жасанды интеллект тек бір саламен шектелмейді. Ол медицинада диагноз қою мен қызмет көрсету сапасын арттыруға, білім беру жүйесінде оқыту...

ЕГІН АЛҚАПТАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

ЕГІН АЛҚАПТАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

Айғақ медиа
20.07.2026
0

Бір ғана ұшқын… Бір сәттік салғырттық… Диқан үшін ең үлкен қауіп – қуаңшылық қана емес. Көзді ашып-жұмғанша тұтас алқапты жалмауы...

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МӘСЛИХАТЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МӘСЛИХАТЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
17.07.2026
0

Шымкент қаласының мәслихатына жаңа төраға тағайындалды. Депутаттардың ашық дауыс беру қорытындысы бойынша бұл қызметке Мұрат Жолдықожаев сайланды. Бұған дейін мәслихат...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.