• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Мамыр 1, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

ҚАЗАҚСТАНДА БӨЛІП ТӨЛЕУ АРҚЫЛЫ САТЫП АЛУ НЕЛІКТЕН ТИІМДІ

26.02.2024
0

Тауарларды немесе қызметтерді бөліп төлеуге сатып алу қоғамда несие деп жиі қате қабылданып жатады. Алайда бұл құралдардың жөні бөлек. Пайызсыз бөліп төлеу дұрыс қолданылса, тиімді шешім бола алады.

Қазақстандықтар түрлі тауар мен қызметті бөліп төлеу арқылы ресімдеп жатады: киім мен гаджеттерден туристік жолдамаға дейін. Мұндай құрал сатып алушының табысына қаржылай ауыртпалықты төмендетуге көмектеседі. Осылайша ол сауданы онлайн-маркетплейстерде жүргізетін кәсіпкерлерге де жаңа мүмкіндік береді. Сатып алушыға пайдасы неде Бөліп төлеудің негізгі пайдаларының бірі – тауар құнын ұзақ уақыт мерзіміне бөліп алу мүмкіндігі. Бұл сатып алушыға бір ірі төлеммен бюджетіне ауыртпалық түсірмей, қаражатын оңтайлы басқаруға мүмкіндік береді. Алайда бөліп төлеу мүмкіндігін әдетте қаражаты жеткілікті, бірақ оны жаратқысы келмейтін қазақстандықтар да қолданады. Мысалы киім-кешекке немесе гаджетке бірден 100 мың теңге жұмсамай, оны 3 айға бөліп төлеуге ресімдеп, 33 мың теңгеден төлеп отыруға болады. Ал егер бөліп төлеу мерзімі бұдан ұзақ болса (6, 12 немесе 24 ай), онда төлем де азайып, ай сайынғы табыстың қалған бөлігін басқа мақсаттарға жұмсауға еркіндік береді. Сондай-ақ бөліп төлеу қымбат тауарларды алуда таптырмас әдіс болмақ – жасайтын саудаңыз шұғыл болса (мысалы тоңазытқыш бұзылса), ұзақ уақыт ақша жинамай-ақ алуға болады. Сонда қазақстандықтар тауарды бірден қолдана алады, ал құнын ай сайын аздап төлеп отыра алады.

Ал әдеттегі несиеге тауар алатын нұсқаға қарағанда, бұл жағдайда сатып алушы артық үстемеақы төлемейді, себебі бөліп төлеу кезінде сыйақы болмайды: 100 мың теңге құны бар тауарға артық төлемсіз 100 мың теңге төлеу қажет. Бастысы – ай сайынғы салым сомасы мен өз қаржылай мүмкіндігіңізді дұрыс есептеп алуыңыз. Тағы бір айта кетерлігі, бөліп төлеу кәсіпкерлердің өзіне де маңызды рөл атқарады. Бизнеске таптырмас құрал Бөліп төлеу жолымен сату сатылымның өсуіне ықпал етеді: мұндай ұсыныс бірден көп ақша жұмсағысы келмейтін сатып алушыларды көбірек тартып, сатып алуға қызығушылығын оята алады. Бұл сатушыларға қаржылық айналымды арттыруға мүмкіндік береді: себебі бөліп төлеу кезінде тауарға ақша алады, ал сатып алушы төлемдерді банкке құяды. Сондықтан кәсіпкер тезірек кіріс алады, соның арқасында ол өз клиенттік базасын кеңейте алады, тіпті жұмыс орындарын құра отырып, жаңа жұмысшыларды жалдай алады. Сонымен бірге бұл құралдың экономикаға да тигізер пайдасы бар: бизнес қолма-қол ақшасыз төлемдер жүйесі арқылы төлем алады, яғни бұл кіріс ресми болады.

Нәтижесінде бұл салық төлеу мәселелерінде ашықтықты қамтамасыз етеді және көлеңкелі экономиканың үлесін азайтады. Өз кезегінде салықтарды төлеу халықтың өзі үшін өмір сүру жағдайларын жақсарта отырып, түрлі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды тиімдірек қаржыландыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне егер электронды чек болса, сатып алушының өзі де қорғалады – сіз ақауы бар өнімді ауыстыруға немесе сатып алудан бас тартуға және ақшаны қайтаруға тезірек қол жеткізе аласыз. Жалпы алғанда тауарларды бөліп төлеу арқылы сатып алу сатып алушы үшін де, сатушы үшін де тиімді. Бұл төлем әдісі тауарлардың қолжетімділігін кеңейтуге, сатылым көлемін ұлғайтуға және екі тарап үшін де қолайлы тәжірибе жасауға ықпалын жасайды. Егер сатып алушы өзінің қаржылық мүмкіндіктерін есептемесе, тәуекелдер туындауы мүмкін. Сондықтан бөліп төлеу сіздің кірістеріңіз бен шығындарыңыздың деңгейін ескере отырып қолданылуы керек.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...

КАСПИЙДІ ЗЕРТТЕУГЕ ЖӘНЕ САҚТАУҒА 1,1 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

КАСПИЙДІ ЗЕРТТЕУГЕ ЖӘНЕ САҚТАУҒА 1,1 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Үкімет Каспийді зерттеуге, әрі сақтауға 1,1 млрд теңге бөлді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаржыландыру институттың ғылыми әлеуетін...

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖӘНЕ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА 700 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖӘНЕ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА 700 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Қазақстанда 2026 жылға арналған егіс алқаптарының болжамды құрылымы бекітілді. Егіс құрылымы бидай алқаптарын қысқарту және жоғары рентабельді дақылдардың үлесін ұлғайту...

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Алматы облысы Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде белгілі ғалым, профессор Дәулет Мұхамеджанұлы Шейх-Әли Тынышбаевты еске алу...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА

Айғақ медиа
11.02.2026
0

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде мектеп оқушылары онлайн форматқа көшті. Астанада бірінші ауысымдағы 0–6 сыныптар қашықтан білім алуда....

ПРЕЗИДЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

ПРЕЗИДЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, елдің дамуына қатысты бірқатар салалар мен келелі істер бойынша сөз сөйледі. Соның бірі -...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.