• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Тамыз 28, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ОҚО әкімі спорт саласының өкілдерімен кездесті

07.11.2016
0

Сенбіде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев аймақтың спорт саласы қызметкерлерімен кездесті. Басқосуға облысымыздың спорт ардагерлері мен осы салада еңбек етіп жүрген қызметкерлер және үздік спортшылар, сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов қатысты. Жиында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев осы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер жайын баяндады. Атап айтқанда, есепті мерзімде облыс аумағында 3,5 мыңнан астам бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 431 мыңнан астам адам қатысқан. Сонымен бірге, салауатты өмір салтымен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 674172 адамды құрап, облыстағы барлық жастағы халықтың қамтылуы 23,7 % жетіп отыр. Бүгінгі таңда, облыс көлемінде 59 (36 олимпиадалық, 23 олимпиадалық емес) спорт түрлері дамытылып жатса, оғландарымыз ҚР чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 390 алтын, 384 күміс, 377 қола медальға қол жеткізген. Ал Азия чемпионаттарында 19 алтын, 15 күміс және 19 қола медальге ие болды. Осы мерзім аралығында спорт түрлері бойынша өткен Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында 16 алтын, 8 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. Отырыста жиынға қатысушылар саладағы бүгінде өзекті болып тұрған мәселелердің жайын жеткізді. Нақтырақ айтқанда, олар ауылдық жерлерде жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға балалар мен жастардың жеткіліксіз дәрежеде тартылуына алаңдады. Сондай-ақ, облыстағы спорт нысандарының тиісті құралдармен жабдықталуының төмендігіне байланысты аталған нысандар мен ғимараттарға қолжетімділіктің жоқтығы және спорт алаңшаларының аздығына наза аударды. Сондай-ақ, спорт жанашырлары басқармаға қарасты облыстық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің медициналық жабдықтармен, фармакологиялық және қалпына келтіру құралдарымен жабдықталмауын, оларды емдеуде күндізгі стационардың болмауын сөз етті. Баяндамашыларды мұқият тыңдаған облыс әкімі спорттағы бірқатар салалар бойынша ойын білдіріп, тапсырмалар берді. Спорт нысандарының жоспарлы түрде өз мерзімінде салынатынын ескерткен Ж.Түймебаев қолдағы бар спорт ғимараттарын тиімді пайдаланып, үйірмелердің бағасын қолжетімді ету арқылы оған жастарды көптеп тартуды жүктеді. Аймақ басшысы, әсіресе, спорттың көркем гимнастика түріне қызығушылық білдіріп, жас жеткіншектердің бойына эстетикалық тұрғыдан сұлу саналатын осынау спорттың негізін қалауды тапсырды. Облыс әкімі назарға алған тағы бір мәселе — 4 жыл сайын өтетін халықаралық жазғы Олимпиада ойындарына жарты жыл қалғанда емес, осы бастан дайындалу қажеттігі еді. Бұл ретте, ол ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына түрлі шаралар өткізіп, оның ішінде, ауыл, аймақтардан жарыстар ұйымдастыру арқылы жас таланттарды іздеуді тапсырды. Ал бұқаралық спортты дамытуда өңір басшысы көп қабатты тұрғын үйлердің жобалық сметалық құнын әзірлегенде үй алдынан салынатын құрылғылармен қамтамасыз етілген алаңқайлардың да міндетті түрде кіруі керектігін ескертті. Сонымен бірге, әкім болашақта облыс орталығынан жаңа спорт сарайы мен стадион салыну қажеттігіне көңіл бөліп, бұл жобаны алдағы уақытта қарастыратынын жеткізді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

РУХАНИЯТ ЖАНАШЫРЫ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВКЕ – 95 ЖЫЛ

РУХАНИЯТ ЖАНАШЫРЫ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВКЕ – 95 ЖЫЛ

Айғақ медиа
28.08.2026
0

Наурыздың қайта оралуы, қасиетті Тайқазанның Түркістанға қайтарылуы, Алаш арыстарының ақталуы… Қазақ руханиятындағы осы тарихи оқиғалардың бәрі Өзбекәлі Жәнібековтің есімімен тығыз...

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

СҮЙЕК КЕМІГІНЕ ЖАСАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ТРАНСПЛАНТАЦИЯ

Айғақ медиа
27.08.2026
0

Шымкентте алғаш рет гемопоэздік дің жасушаларының аутологиялық трансплантациясы жасалды. 7 тамызда орындалған күрделі операциядан кейін пациенттің жағдайы оң динамика көрсетіп...

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

Айғақ медиа
27.08.2026
0

Шымкентте діни ахуалды тұрақты сақтау бағытындағы жұмыстардың нәтижесі талқыланды. Қалада бүгінде 104 мешіт бар. Алғаш рет барлық мешіттің діни ахуалы...

ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Айғақ медиа
25.08.2026
0

Шымкентте Құрылтай сайлауы өзгеше көңіл-күймен өтті. Азаматтық таңдауын жасауға келген тұрғындардың арасында ұлттық нақыштағы және ерекше киім үлгілерімен көпшіліктің назарын...

ТОЗҒАН ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРДЫ

ТОЗҒАН ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРДЫ

Айғақ медиа
25.08.2026
0

Мегополисте ескірген орындарды жаңарту жұмыстары қарқынды. Тұран ауданында балаларға арналған жаңа ойын алаңшасы қолданысқа берілді. Қазір дәл осындай 28 нысанда...

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті 40 отбасы Бозарық шағынауданынан жаңа пәтерлерінің кілтін алып, қоныс тойын тойлады....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.