• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қазан 25, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

25.08.2026
0

Шымкентте Құрылтай сайлауы өзгеше көңіл-күймен өтті. Азаматтық таңдауын жасауға келген тұрғындардың арасында ұлттық нақыштағы және ерекше киім үлгілерімен көпшіліктің назарын аударғандар да болды. Ел бойынша сайлауға 9 миллионнан астам азамат қатысса, үшінші мегаполисте тұрғындардың 75,42 пайызы дауыс берді. Айта кетейік шаһарда барлығы 365 сайлау учаскесі жұмыс істеді.Таңмен таласа айтылған әнұран, сайлау учаскелеріне ағылған жұрт. Бұл — ел өміріндегі жауапты кезеңнің көрінісі. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков орынбасарларымен бірге №231 сайлау учаскесінде дауыс беріп, ел болашағын айқындайтын маңызды науқанға өз үлесін қосты.

39 жылдан бері қолөнермен айналысып келе жатқан Бейісбековтер әулеті үшін ата кәсіп — төрт ұрпаққа жалғасқан дәстүр. Бүгінде үлкен әулеттің 18 мүшесі ұлттық өнерді дәріптеп, осы кәсіппен айналысады. Дәстүрлі қолөнерді ұрпақтан-ұрпаққа жалғап келе жатқан суретшілер отбасы бүгін №1 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Қолөнерді ата кәсіпке айналдырған әулет үшін бұл — дәстүр сабақтастығымен қатар, қоғамдық өмірге белсенді араласудың да бір көрінісі.

«Мерейлі отбасы – 2026» байқауының жеңімпазы атанған Қожамжаровтар әулеті де Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады. Білім мен ғылымды басты құндылық санайтын отбасының 10 мүшесі түгелдей №285 сайлау учаскесіне келіп, азаматтық белсенділіктерін танытты.

Ел өміріндегі маңызды науқаннан аға буын да шет қалған жоқ. Ардагерлер кеңесінің мүшелері №4 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Олардың қатарында Асылбек Асқар, Бауыржан Әлтеев, Бекет Тұрғараев пен Гүлмира Оспанова да бар. Аға буын өкілдері үшін бұл — азаматтық ұстанымын білдіріп, ел болашағына деген көзқарасын танытудың тағы бір мүмкіндігі.

 

Айта кетейік №101 сайлау учаскесінде ерекше көрініс болды. Көпшілікке әйгілі «Өрмекші адам» кейпінде танылған 22 жастағы жас дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Ал сайлау учаскесіне жиналған 50 жас өрен ерекше флешмоб ұйымдастырып, сайлау күнінің сәнін келтірді.

Маңызды науқанда өнер иелері мен спортшылар да бой көрсетті. Сидней Олимпиадасының чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Ермахан Ибраимов №218 сайлау учаскесінде дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Ал Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының талантты актрисасы Мөлдір Зияева бұл жолы сахна төрінде емес, №333 сайлау учаскесінде көрінді.

Құрылтай сайлауы ел көлемімен ғана шектелмей, шетелдегі отандастарымыздың да белсенділігімен ерекшеленді. 61 елдегі 79 сайлау учаскесінде дауыс беру ұйымдастырылып, 9 623 Қазақстан азаматы өз таңдауын жасады. Ал республика бойынша 9 миллион 351 мыңнан астам адам дауыс беріп, сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 74,08 пайызды құрады. Exit poll қорытындысында халықаралық үш ұйымның зерттеуі бойынша «Әділет» партиясы көш бастады. Ал ең аз дауыс жинаған екі партия қажетті межеге жете алмай, Құрылтай құрамына өте алмады. Осылайша, дауыс беру құқығы бар 12 миллионнан астам азаматтың 9 миллионнан астамы саяси науқанға қатысып, ел болашағына қатысты өз таңдауын білдірді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ӘЛЕМДІК ДОДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Әлемдік аренадан олжалы оралған палуанды Шымкентте салтанатты түрде қарсы алды. Грек-рим күресінен U23 санатындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Джохар Узаров...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте жас өнертапқыштар өзара бақ сынап, робототехника әлеміндегі шеберліктерін көрсетті. ROBOPARK LIGA XIII республикалық жарысына еліміздің әр өңірінен 50-ден астам...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

 ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ЖЕМІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкенттік жас ақындар республикалық айтыста топ жарып, қала мерейін асқақтатты. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

ТАЗА ҚАЛА –МӘДЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығы мен көркеюін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.