• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Шілде 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ЖАС САРБАЗДАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

13.07.2026
0

«Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық сайысында үздік атанған шымкенттік жас өрендер жеңіспен оралды. Теміржол вокзалында «Сұңқар» әскери-патриоттық клубының мүшелерін жақындары мен қала тұрғындары салтанатты түрде қарсы алды. Ауқымды додаға Қазақстаннан және шет мемлекеттерден құралған 64 команда қатысып, өзара бақ сынады.

Шаһардағы теміржол вокзалында Сабыр Рахымов атындағы әскери колледждің және қала оқушыларынан құралған әскери-патриоттық клуб мүшелерін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Аталған жарыс Ақмола облысының Щучинск қаласында өтті. Әскери мектеп-лицейлер мен әскери оқу орындары арасында ұйымдастырылған байқауда Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжі І орынды иеленсе, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әскери-патриоттық клубтары арасында Шымкент қаласының оқушыларынан құралған команда жалпыкомандалық есепте ІІ орынға ие болды.

Жас сарбаздарды қарсы алу шарасына қалалық әкімдік өкілдері, қорғаныс істері жөніндегі департамент қызметкерлері, әскери колледж ұжымы, Қарулы Күштердің ардагерлері және жеңімпаздардың ата-аналары қатысты. 64 команда арасындағы тартысқа толы додада шымкенттік жастар жоғары дайындықтарын, темірдей тәртібі мен мықты жауынгерлік рухын көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді.

Халықаралық жарыста қала намысын қорғаған «Сұңқар» командасы да жоғары нәтиже көрсетті. «Айбын-2026» сайысында қаламыздың мектептері атынан қатысқан «Сұңқар» командасы жүлделі ІІ орын алды. Сайыскерлер байқауда 11 түрлі бағдарлама бойынша бақ сынады.

Жалпы, аталған жиын 2015 жылдан бері 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерді әскери тәртіпке, жауапкершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеп келеді.

«Айбын» – жастар арасындағы ең ірі халықаралық әскери-патриоттық жиындардың бірі. Биыл дода Ақмола облысындағы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледж базасында ұйымдастырылды. Оған Қазақстанмен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Әзербайжаннан мыңға жуық жас сарбаз қатысты. Қатысушылар әскери-спорттық, зияткерлік және шығармашылық бағыттар бойынша сынға түсті.

Сондай-ақ, жиынның жабылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Президенті арнайы қатысып, жас сарбаздарға қолдау білдірді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АҚСҮМБЕ КӨШЕСІНІҢ ЖАЛҒАСЫ САЛЫНУДА

АҚСҮМБЕ КӨШЕСІНІҢ ЖАЛҒАСЫ САЛЫНУДА

Айғақ медиа
13.07.2026
0

Шымкентте Таскен тұрғын алабынан Тұран шағынауданына дейінгі аралықты жалғайтын Ақсүмбе көшесінің жалғасы салынуда. Бұл – шаһардағы көлік қозғалысын жеңілдетіп, кептелісті...

ДОМБЫРА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 22 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ДОМБЫРА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 22 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Айғақ медиа
13.07.2026
0

Шымкентте Ұлттық домбыра күні қарсаңында №6 қалалық перзентханада 22 нәресте дүние есігін ашты. Айтулы мерекемен қатар келген қуанышқа орай Шымкент...

МЕМЛЕКЕТ БАҒДАРЛАМАСЫНА ЖАҢА ПӘНДЕР ЕНГІЗІЛЕДІ

МЕМЛЕКЕТ БАҒДАРЛАМАСЫНА ЖАҢА ПӘНДЕР ЕНГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
13.07.2026
0

Елімізде 1 қыркүйектен бастап қазақстандық мектептерде жаңа пәндер оқытылатын болады. Кемел келешектің кілті де, қуатты мемлекеттің тұғыры да – саналы...

27 САРБАЗ ӘСКЕРДЕН ОРАЛДЫ

27 САРБАЗ ӘСКЕРДЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
13.07.2026
0

Шымкентте Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп келген 27 сарбазды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бір жыл бұрын шаһардағы теміржол вокзалынан...

30 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ ҚОНЫСТАНДЫ

30 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ ҚОНЫСТАНДЫ

Айғақ медиа
13.07.2026
0

Шымкентте тағы 30 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Қала әкімі тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады....

ӨНДІРІСТІ ӨРКЕНДЕТКЕН ҚОС ЖОБА

ӨНДІРІСТІ ӨРКЕНДЕТКЕН ҚОС ЖОБА

Айғақ медиа
13.07.2026
0

Шаһарда өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға бағытталған тағы екі ірі зауыт іске қосылды. Қала әкімінің қатысуымен аккумуляторларды кәдеге жарату және қайта...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.