• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Тамыз 28, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ОНКОХИРУРГИЯНЫҢ ОЗЫҚ ӘДІСТЕРІ

13.07.2026
0

Шымкентке мәскеуден арнайы дәрігерлер келді. Олар онкологиялық «Асқазан-ішек жолы мен кіші жамбас ағзаларының заманауи аз инвазивті онкохирургиясы» тақырыбында халықаралық шеберлік сабағын өткізді.
Мәскеуден келген тәжірибелі хирург дәрігерлер күрделі оталарды көрсетіп, заманауи емдеу әдістері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Шеберлік сабағы хирургтер, онкологтар, урологтар, гинекологтар және резидент дәрігерлердің басын қосты. Бағдарлама аясында аз инвазивті тәсілмен орындалатын бірнеше күрделі онкологиялық операция тікелей көрсетілді. Мамандар әрбір клиникалық жағдайды жан-жақты талдап, емдеу тактикасын бірге саралады. Қатысушылар тәжірибелі хирургтің жұмыс барысын бақылап, жаңа әдістерді меңгеруге мүмкіндік алды.

Шеберлік сабағының сарапшысы – Мәскеудегі «Фомина» клиникалар желісінің бас хирургі Александр Жаугашев. Ол аз инвазивті онкохирургия бүгінде қатерлі ісіктерді емдеудегі ең тиімді бағыттардың бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, Шымкент қалалық онкологиялық орталығы қажетті заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Сондықтан мұнда халықаралық стандартқа сай күрделі операцияларды жасауға барлық мүмкіндік бар. Бұл өз кезегінде пациенттердің сапалы әрі қолжетімді ем алуына жағдай жасайды.

Шеберлік сабағы барысында ұйқыбездің денесі мен құйрығын резекциялау және басқа да күрделі операциялар көрсетілді. Дәрігерлер ота жасау кезіндегі заманауи технологиялардың артықшылықтарын тәжірибе жүзінде көрді. Аз инвазивті әдістер науқастың тезірек сауығып, ауруханада жату уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Халықаралық тәжірибені енгізу – отандық онкологиялық қызметтің сапасын арттырудағы маңызды қадам.

Соңғы екі күнде Шымкент қалалық онкологиялық орталығында заманауи аз инвазивті әдіспен бірқатар күрделі онкологиялық операциялар жасалды. Дәрігерлер асқазан, қуық, жатыр мойны, ішек және ұйқыбез обырына ота жасап, барлық операцияларды үлкен тіліксіз, шағын тесіктер арқылы орындады. Мамандардың айтуынша, мұндай жоғары технологиялы хирургияны орталыққа кеңінен енгізу жоспарланып отыр. Мұндағы операциялық бөлмелер заманауи талаптарға толық сай жабдықталған. Интеграцияланған жүйенің арқасында жасалып жатқан операцияларды Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі хирургтер онлайн режимде көріп, тәжірибе алмаса алады. Қажет болса, оталарды әлемнің кез келген еліне де тікелей көрсетуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар, хирургиялық құрал-жабдықтар толық қамтылған, операция жасауға барлық жағдай жасалған. Операция ісікті алып тастауға мүмкіндік береді, бірақ онкологиялық емнің бір ғана кезеңі болып саналады. Науқастардың көпшілігі отаға дейін немесе кейін міндетті түрде химиотерапия алады. Аз инвазивті хирургияның басты артықшылығы – науқастың тез оңалып, емнің келесі кезеңіне, яғни химиотерапияға уақытылы көшуіне жағдай жасау. Сондықтан хирургтер ота кезеңін асқынусыз өткізіп, пациенттің толыққанды ем алуына мүмкіндік беруі өте маңызды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

СҮЙЕК КЕМІГІНЕ ЖАСАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ТРАНСПЛАНТАЦИЯ

Айғақ медиа
27.08.2026
0

Шымкентте алғаш рет гемопоэздік дің жасушаларының аутологиялық трансплантациясы жасалды. 7 тамызда орындалған күрделі операциядан кейін пациенттің жағдайы оң динамика көрсетіп...

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

104 МЕШІТТІҢ ДІНИ АХУАЛЫ САРАЛАНДЫ

Айғақ медиа
27.08.2026
0

Шымкентте діни ахуалды тұрақты сақтау бағытындағы жұмыстардың нәтижесі талқыланды. Қалада бүгінде 104 мешіт бар. Алғаш рет барлық мешіттің діни ахуалы...

ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Айғақ медиа
25.08.2026
0

Шымкентте Құрылтай сайлауы өзгеше көңіл-күймен өтті. Азаматтық таңдауын жасауға келген тұрғындардың арасында ұлттық нақыштағы және ерекше киім үлгілерімен көпшіліктің назарын...

ТОЗҒАН ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРДЫ

ТОЗҒАН ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРДЫ

Айғақ медиа
25.08.2026
0

Мегополисте ескірген орындарды жаңарту жұмыстары қарқынды. Тұран ауданында балаларға арналған жаңа ойын алаңшасы қолданысқа берілді. Қазір дәл осындай 28 нысанда...

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті 40 отбасы Бозарық шағынауданынан жаңа пәтерлерінің кілтін алып, қоныс тойын тойлады....

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ТҰРАНДА ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ 100 % ШЕШІЛДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Тұран ауданында инженерлік инфрақұрылым шешім тапты деуге болады. Тек табиғи газ бен кәріз жүйесін қоспағанда.  Аудан басшысы бұл 2027 жылдың...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.