• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Шілде 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

27 САРБАЗ ӘСКЕРДЕН ОРАЛДЫ

13.07.2026
0

Шымкентте Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп келген 27 сарбазды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бір жыл бұрын шаһардағы теміржол вокзалынан Теміртау қаласына аттанған жас жауынгерлер туған жерге оралып, жақындарымен қауышты. Сап түзеп, әскери тәртіпке шыңдалған сарбаздар енді ел дамуына үлес қосуға дайын.

Мерзімді әскери қызметін аяқтап, елге оралған 27 сарбазды теміржол вокзалында ата-аналары, жақындары және әскери қызметшілер салтанатты түрде қарсы алды. Іс-шара қалалық қорғаныс істері жөніндегі департамент пен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөлімінің оркестрінің ұйымдастыруымен өтті.

Осыдан бір жыл бұрын 27 жас сарбаз Теміртау қаласына Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған болатын. Бүгінде олар әскери қызметін аяқтап, туған қаласына аман-есен оралды. Олардың қатарында Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде бірге оқыған тоғыз топтас та бар.

Бірге әскерге аттанған жас сарбаздар бүгінде тәртіп пен жауапкершілікті бойына сіңірген, бір үйдің баласындай бауыр басқан азаматтарға айналған. Салтанатты шара барысында қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері мен Қарулы Күштердің ардагерлері сөз сөйлеп, ата-аналарға ел қорғайтын ұл тәрбиелегені үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, әскери қызметін абыроймен аяқтаған сарбаздарға ризашылықтарын білдіріп, олардың Отан алдындағы борышын адал атқарғанын атап өтті.

Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Әбдіғабит Шегебаевтың айтуынша, мерзімді әскери қызметшілерге мемлекет тарапынан бірқатар әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, несиесі бар сарбаздардың төлемдері әскери қызмет кезеңінде уақытша кейінге шегеріледі. Сонымен қатар, әскери борышын өтеген жастар мемлекеттік білім гранттары конкурсына қатысып, жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болады.

Жас сарбаздардың айтуынша, бір жыл ішінде олар әскери істің қыр-сырын меңгеріп, түрлі оқу-жаттығуларға қатысып, тәртіп пен жауапкершілікті бойына сіңірген.

Ал туған жерге оралған сәт сарбаздар үшін ерекше әрі толқынысқа толы болды. Перронда гүл мен шар ұстаған ата-аналарының сағынышқа толы құшағы мен қуаныштан төгілген көз жасы бұл кездесуді әсерлі де ұмытылмас сәтке айналдырды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АҚСҮМБЕ КӨШЕСІНІҢ ЖАЛҒАСЫ САЛЫНУДА

АҚСҮМБЕ КӨШЕСІНІҢ ЖАЛҒАСЫ САЛЫНУДА

Айғақ медиа
13.07.2026
0

Шымкентте Таскен тұрғын алабынан Тұран шағынауданына дейінгі аралықты жалғайтын Ақсүмбе көшесінің жалғасы салынуда. Бұл – шаһардағы көлік қозғалысын жеңілдетіп, кептелісті...

ДОМБЫРА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 22 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ДОМБЫРА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 22 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Айғақ медиа
13.07.2026
0

Шымкентте Ұлттық домбыра күні қарсаңында №6 қалалық перзентханада 22 нәресте дүние есігін ашты. Айтулы мерекемен қатар келген қуанышқа орай Шымкент...

МЕМЛЕКЕТ БАҒДАРЛАМАСЫНА ЖАҢА ПӘНДЕР ЕНГІЗІЛЕДІ

МЕМЛЕКЕТ БАҒДАРЛАМАСЫНА ЖАҢА ПӘНДЕР ЕНГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
13.07.2026
0

Елімізде 1 қыркүйектен бастап қазақстандық мектептерде жаңа пәндер оқытылатын болады. Кемел келешектің кілті де, қуатты мемлекеттің тұғыры да – саналы...

ЖАС САРБАЗДАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

ЖАС САРБАЗДАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
13.07.2026
0

«Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық сайысында үздік атанған шымкенттік жас өрендер жеңіспен оралды. Теміржол вокзалында «Сұңқар» әскери-патриоттық клубының мүшелерін жақындары мен қала...

30 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ ҚОНЫСТАНДЫ

30 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ ҚОНЫСТАНДЫ

Айғақ медиа
13.07.2026
0

Шымкентте тағы 30 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Қала әкімі тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады....

ӨНДІРІСТІ ӨРКЕНДЕТКЕН ҚОС ЖОБА

ӨНДІРІСТІ ӨРКЕНДЕТКЕН ҚОС ЖОБА

Айғақ медиа
13.07.2026
0

Шаһарда өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға бағытталған тағы екі ірі зауыт іске қосылды. Қала әкімінің қатысуымен аккумуляторларды кәдеге жарату және қайта...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.