Шымкент қаласы полиция департаментінің «Арлан» спорт клубының командасы Ішкі істер органдары қызметкерлері арасында өткен республикалық бокс чемпионатында ІІ орын иеленді. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 25 команда қатысып, 200-ден астам қызметкер бақ сынады. Нәтижесінде шымкенттік полицейлер жалпыкомандалық есепте жүлделі екінші орынға ие болды.
Жарыстан оралған спортшыларды Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрбол Мырзатаев құттықтады. Республикалық чемпионат құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби және дене даярлығы деңгейінің жоғары екенін көрсетіп, ведомстволық спорттағы маңызды іс-шаралардың біріне айналды.








