Нало: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы елімізде жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл жолғы игі бастама Бадам өзенінің жағасында ұйымдастырылды. Шараға 50-ге жуық жұмысшы жұмылдырылып, өзен жағалауын тазалау жұмыстары жүргізілді. Акция барысында аумақ қоқыстан тазартылып, ретке келтірілді. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті. Мұндай шаралардың негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғи аймақтардың экологиялық жағдайын жақсарту. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.
ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ҚАНЖЫҒАСЫНДА КҮМІС ЖҮЛДЕ
Шымкент қаласы полиция департаментінің «Арлан» спорт клубының командасы Ішкі істер органдары қызметкерлері арасында өткен республикалық бокс чемпионатында ІІ орын иеленді....









