✅Ұлттық қордан балалардың есепшотына қаржы аударуға қатысты заң қабылданды.
✅ Балаларды құмар ойынға тартқандар әкімшілік заң бойынша жазаға тартылатын болды.
✅Кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін берілетін жаза қатайды.
✅Қазір көптеген азаматтың мойнында бірнеше несие бар екені жасырын емес. Бұл – өте өзекті мәселе, қоғамдық қатер десек те болады. Сондықтан осы бағытта арнайы заңдар қабылданды.
✅Халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынды.