• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Тамыз 23, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ӨРТ СӨНДІРЕТІН ТІКҰШАҚТАР ПАРКІ ҮШ ЕСЕ ҰЛҒАЙТЫЛАДЫ — ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ

17.09.2022
0

     Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар мен әкімдік басшыларының қатысуымен өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. 

«Тікұшақ техникасының жақын жерден су алып, өртті сөндіруін жеңілдету мақсатында орман алқаптарының жанындағы су қоймаларының түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу қажет. Біз тікұшақтар паркін үш есе ұлғайту үшін қосымша суқашыртқы құрылғыларды сатып аламыз, оларды өрт сөндіру үшін пайдалануға болады. Бұл Қостанай облысын қоса алғанда, барлық өңірлерге қатысты», — деді Әлихан Смайылов.

Кеңес барысында Премьер-Министр өңір әкімдігінің білім беру саласындағы кемшіліктеріне де назар аударды. Әлихан Смайылов өңірдің 7 мектебінде күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімінің кешіктірілгенін, соның салдарынан балалар бейімделмеген жерлерде оқуға мәжбүр екенін атап өтті.

«Бұл проблеманы шешу үшін жедел шаралар қабылдау қажет. Жалпы білім беру саласына жауапкершілікпен қарау керек, өйткені балаларға оқу үшін тиісті жағдайлар жасалуы тиіс», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Экономикалық мәселелер бойынша Премьер-Министр облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін бүкіл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін бере алатын инвестициялық жобаларды іске қосу бойынша жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.

Оның айтуынша, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Қостанай облысына 32 ауылдық елді мекенде 75 жобаны іске асыруға 6,7 млрд теңге бөлінді. Жалпы өңірді дамытуға 2022 жылы республикалық бюджеттен 115,9 млрд теңге, сондай-ақ бюджетті нақтылау аясында тағы 31,7 млрд теңге бөлінді.

«Бұл қаражат ең алдымен әлеуметтік қажеттіліктерге, облыстың инфрақұрылымы мен агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға бағытталған. Әкімдік аталған қаражаттың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуі тиіс», — деп атап өтті Премьер-Министр.

Әлихан Смайылов азық-түліктің жетіспеушілігі мен бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізу қажеттігіне де назар аударды. Оның айтуынша, әкімдік осы бағытта қолданыстағы тетіктерді пайдалануды жандандыруы керек.

Сонымен қатар Премьер-Министр өңір экономикасын одан әрі әртараптандырудың маңыздылығын атап өтті. Мәселен, 2022 жылы облыста $38 млрд-қа 45 жаңа жобаны іске қосу жоспарланған.

«Инвестициялық жобаларды іске қосу жаңа жұмыс орындарының ашылуына септік етеді. Облыс әкімдігі инвесторлар үшін барлық қажетті жағдайларды жасау және белгіленген жобаларды уақытылы іске қосу жөніндегі жұмысты жалғастыруы керек», — деді Әлихан Смайылов.

Қорытындылай келе, Премьер-Министр жылумен жабдықтау жобаларын іске асыруға қаражат бөлу мәселесін пысықтауды, «Қостанай-Денисовка» көлік жолын реконструкциялау жөніндегі жобаны уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етуді, 2022 жылдың соңына дейін жергілікті маңызы бар жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Бұдан басқа, Әлихан Смайылов облыста болашақта көпфункционалды медициналық мекеме болып ұлғайтылатын жаңа перинаталдық орталық салу мәселесін, Әулиекөл ауданының «Достық» балалар мәдени жазғы сауықтыру кешенін қалпына келтіру үшін қаражат бөлу, сондай-ақ Тобыл қаласында емхана құрылысын қаржыландыру және басқа да бірқатар мәселелерді пысықтауды тапсырды.

inform.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті 40 отбасы Бозарық шағынауданынан жаңа пәтерлерінің кілтін алып, қоныс тойын тойлады....

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ТҰРАНДА ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ 100 % ШЕШІЛДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Тұран ауданында инженерлік инфрақұрылым шешім тапты деуге болады. Тек табиғи газ бен кәріз жүйесін қоспағанда.  Аудан басшысы бұл 2027 жылдың...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

100% ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛҒАН АУДАН

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Абай ауданы инфрақұрылыммен 100% ға қамтылды. Бұл туралы баспасөз брифингінде 6 айдығы жұмыстарды саралаған аудан әкімі айтты. Дегенмен, күн санап...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ҚАЛДЫҚ СҰРЫПТАЙТЫН ОРЫНДАР КӨБЕЙЕДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинауға арналған 4 арнайы орын бар. Мұнда қағаз, пластик, шыны секілді қалдықтар бөлек жиналып, қайта өңдеуге...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

БЮДЖЕТТЕН 23,4 МЛРД ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЛДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте мемлекеттік бюджеттен 23,4 млрд теңге үнемделді. Қаражат бюджет шығыстарын қайта қарау, негізсіз жоспарланған шығындарды қысқарту және мемлекеттік сатып алулардағы...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Жаңа оқу жылында Шымкент қаласының әкімдігі 234 білім беру грантын ұсынды. Бұл гранттар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды қамтиды. Қала...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.