• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қазан 24, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА БІР ТӘУЛІКТЕН БЕРІ ӨРТ СӨНДІРІЛІП, АДАМДАР ҚАУІПСІЗ АУМАҚҚА КӨШІРІЛІП ЖАТЫР

05.09.2022
0
Қостанай облысында бір тәуліктен бері өрт сөндіріліп, адамдар қауіпсіз аумаққа көшіріліп жатыр
 Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы орман шаруашылықтарының бірінде қарағай мен құрғақ шөп тұтанып, арты алапат өртке ұласты. ҚазАқпарат тілшісі оқиғаның хронологиясын ұсынады.

Қостанай облысында орман өрті 2 қыркүйек күні басталды. Сағат 15:10-да Басаман және Семиозерное шаруашылықтарының аумағында ағаш пен құрғақ шөп өртенді.

«Осы күні бір жағы күн 36 градусқа дейін қатты ысып, жел секундына 26 метрге дейін күшейіп, метеорологиялық жағдай күрделене түсті. Өртенген аумақтың көлемі 9 400 гектарды құрады. Орманың жалпы аумағы 70 мың гектар»,-деді ТЖМ өкілдері.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, оның құрамына ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен өзге де бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары кірді. Өртті сөндіруге Қостанай, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының жеке құрамы жұмылдырылды.

Өрт орман алқабынан елді мекендерге тарап, жағдайды күрделендіре түсті. Осыған байланысты негізгі күш Аманқарағай мен Новонежинка елді мекендерін өрттен қорғауға жұмылдырылды.

Озерное ауылынан 1841 адам, Аманқарағай ауылының солтүстік бөлігінен 1000 адам, Калинино ауылынан 228, Лесное ауылынан 363 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Эвакуацияланғандардың барлығы Әулиекөл орта мектебі мен мектеп-интернатына орналастырылды және олар тамақпен қамтамасыз етілді.

Кешірек Юрий Ильин өрттің елді мекендерге тарап, өрт сөндірушілер 60 үйді өрттен аман алып қалуға күш салып жатқанын хабарлады.

Өрттен зардап шекккендерге аймақта шұғыл желі іске қосылып, психологтардың жұмысы ұйымдастырылды.

Жолдың нашар көрінуіне байланысты билік өкілдері «Қостанай- Әулиекөл» трассасын жауып тастады.

Қостанай облысына 15 автоцистерна, екі вахта автобусы, 1 қызметтік көлік, Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінен 98 адам жіберілгені хабарланды.

«Сағат 22:00-дегі жағдай бойынша Әулиекөл ауданына Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен 9 техника мен 50 адам келді. Солтүстік Қазақстаннан 6 техника мен 50 адам, қосымша Атбасар мен Новоишимка ауылдарынан екі өрт сөндіруші пойыз келді. Сағат 21:00-де №51 және №82 жолаушылар пойыздары тоқталды»,-деп хабарлады ТЖМ жедел штабынан.

Жергілікті әкімдік қазір жергілікті деңгейде төтенше жағдай жариялау мәселесін ойластырып жатыр.

Қостанай облысында сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуы керек болатын Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығымен байланысты іс-шаралар да кейінге қалдырылды.

Мемлекет басшысы мұнда енді басқа мақсатпен, яғни өртпен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысу үшін келеді.

Үкімет төтенше жағдайдың салдарымен күреске қаржы бөлетін болады.

inform.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ӘЛЕМДІК ДОДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Әлемдік аренадан олжалы оралған палуанды Шымкентте салтанатты түрде қарсы алды. Грек-рим күресінен U23 санатындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Джохар Узаров...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте жас өнертапқыштар өзара бақ сынап, робототехника әлеміндегі шеберліктерін көрсетті. ROBOPARK LIGA XIII республикалық жарысына еліміздің әр өңірінен 50-ден астам...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

 ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ЖЕМІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкенттік жас ақындар республикалық айтыста топ жарып, қала мерейін асқақтатты. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

ТАЗА ҚАЛА –МӘДЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығы мен көркеюін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.