• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Тамыз 23, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН 2 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ ӘСКЕРГЕ ЖІБЕРІЛЕДІ  

26.08.2022
0

    Бірінші қыркүйекте әскерге шақыру науқаны басталады. Ол осы жылдың соңына дейін жалғасады. Биылғы жылдың күзінде Түркістан облысынан 2 мыңнан астам әскерге шақырылушыларды әскерге жіберу жоспарланған. Бұл шара Қазақстан Республикасының Президенті «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына сәйкес жүргізіледі.

    Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің хабаралуынша, әскерге шақырылушыларды іріктеудің айқындығы үшін, шақыру комиссиясы құрамына ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық ұйымдар өкілдері, Қарулы Күштер, жергілікті соғыс ардагерлері және дін жүйесінің өкілдері кіреді. Аталған комиссияның қабылданған шешімінің негізінде Түркістан облысының жастары әскерге жолданады.

    Биыл мерзімін кейінге қалдыруға құқығы бар әскерге шақырылушылардың санаттары кеңейтілді. Атап айтқанда мерзімін кейінге қалдыру енді қосымша беріледі:

— оқытушыларға жұмысының барлық кезеңіне;

— құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы дайындықтан өтіп жүрген тұлғаларға.

     Әр әскер түрлерінде белгілі бір талаптар бар. Сол талаптар бойынша әскерге шақырылушы қандай әскери бөлімдерде қызмет өткеретіні белгіленеді. Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің мәлімдеуінше, Қорғаныс министрлігі Ұлттық университетінің әскери-ғылыми взводын жасақтау үшін ІТ-мамандықтары, сонадай-ақ әскерге шақырылушының денсаулық жағдайы маңызды, ал десанттық әскерлері және арнайы тағайындалған әскерлер үшін бойы 170 сантиметрден төмен болмауы тиіс. Әскерге шақырылушының дене бітімдері маңызды, спортшыларға басымдық беріледі. Сонымен бірге Қарулы Күштері музыканттарға, аспазшыларға, жүргізушілерге, байланысшыларға және көптеген басқа мамандықтарға мұқтаж.

    – Қарулы Күштері қатарына әскерге шақырылғандардың белгілі бір бөлігі 6 ай ішінде мынадай әскери мамандықтар бойынша оқуды өтеді: БТР, БМП, танк мехник-жүргізушісі, артиллериялық және миноатқыш қаруларының командирлері және көздеушілері, инженерлік қамтамасыз ету мамандықтары, Қарулы Күштері оқу орталықтарында байланыс мамандары. Оқу аяқталысымен олар кіші мамандар ретінде әскери бөлімдерге жолданатын болады. Әскерде азаматтар тәртіпке, жауапкершілікке үйренеді және дене күші мен шыдамдылығын тәрбиелейді. Қызмет барысында олар топпен жұмыс істеуге, оқу-жаттығулардағы қиын-қыстау жағдайларда тапсырмаларды орындауға, тез ойлануға және шешім қабылдауға үйренеді, олар әскери қару-жарақты қолдануда, күрделі әскери техниканы пайдалуда техникалық дағдыларға ие болады, – дейді Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Нұрмаханбет Дюсебаев.

    Қорғаныс министрлігінің басшылығы әскери қызметтің қауіпсіздігіне үлкен назар аударады. Ұдайы негізде Әскери прокуратурамен, сондай-ақ әскери полиция органдарымен бірлесе отырып әскери ұжымда салауатты ортаны орнату үшін жүйелі жұмыс жүргізуде. Әскери бөлімнің әр бөлмесінде бейне бақылау жүргізілген. Әр әскери бөлімде гарнизон прокурорының және Әскери полиция жасағы бастығының сенім жәщіктері орналасқан, хат-хабарлар проблемалық мәселелер бойынша тездетіп шешімдер қабылдау үшін мекенжайларға түседі.

    Казарманың әр жайғасу орындарында, штабта, асханада, БӨП, клубта барлық деңгейдегі басшылық құрамның, соның ішінде қызметтік телефоннан қоңырау шалу үшін қол жетімді сенім телефондары туралы ақпарат орналастырылған. Әскери қызметшілердің қызметтік әрекеттегі проблемалары туралы әр уақытта оларға қоңырау шалуға немесе СМС-хабарлама жолдауға мүмкіндіктері бар. Әр келіп түскен сигнал бойынша проблемалық мәселелерді тексеру және жою бойынша, сондай-ақ осындай оқиғаларды алдағы уақытта болдырмау үшін алдын алу бойынша қажетті жұмыс жүргізіледі.

    Айта кетсек, шақыру кезінде азаматтар әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыруға және босатуға құқықтары бар. Мерзімін кейінге қалдыру келесі негіздер бойынша беріледі:

1) отбасы жағдайы бойынша;

2) білімін жалғастыру үшін;

3) денсаулық жағдайы бойынша әскерге баруды кейінге қалдыра алады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті 40 отбасы Бозарық шағынауданынан жаңа пәтерлерінің кілтін алып, қоныс тойын тойлады....

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ТҰРАНДА ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ 100 % ШЕШІЛДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Тұран ауданында инженерлік инфрақұрылым шешім тапты деуге болады. Тек табиғи газ бен кәріз жүйесін қоспағанда.  Аудан басшысы бұл 2027 жылдың...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

100% ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛҒАН АУДАН

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Абай ауданы инфрақұрылыммен 100% ға қамтылды. Бұл туралы баспасөз брифингінде 6 айдығы жұмыстарды саралаған аудан әкімі айтты. Дегенмен, күн санап...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ҚАЛДЫҚ СҰРЫПТАЙТЫН ОРЫНДАР КӨБЕЙЕДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинауға арналған 4 арнайы орын бар. Мұнда қағаз, пластик, шыны секілді қалдықтар бөлек жиналып, қайта өңдеуге...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

БЮДЖЕТТЕН 23,4 МЛРД ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЛДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте мемлекеттік бюджеттен 23,4 млрд теңге үнемделді. Қаражат бюджет шығыстарын қайта қарау, негізсіз жоспарланған шығындарды қысқарту және мемлекеттік сатып алулардағы...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Жаңа оқу жылында Шымкент қаласының әкімдігі 234 білім беру грантын ұсынды. Бұл гранттар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды қамтиды. Қала...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.