Түркістан қаласында «Мектепке жол» акциясы аясында ұйымдастырылған «Мейірім» іс-шарасына 200-ге жуық бала келіп, сыйлық алды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жалпы 1000-нан астам оқушыға оқу құралдары бар сөмке берілмек. Жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі түрде өтетін республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде қолдау көрсету.