• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Тамыз 24, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

БАҒА, МЕКТЕП, ЖАНАРМАЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

11.08.2022
0

   Түркістан облысында биыл 21 мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ 4 апатты және 2 үш ауысымды мектептің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жыл соңына дейін облыс орталығында 202 орындық студенттік жатақхана да қолданысқа беріледі. Осы және өңірдегі өзге де өзекті мәселелер «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық мәслихатындағы фракциясының кезекті мәжілісінде қаралды.

   Бүгін жиында білім саласынан бөлек, жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету, азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі шаралар жалпы 4 мәселе зерделеніп, талқыланды. Отырысқа Түркістан облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов, «AMANAT» партиясы өңірлік филиалының Атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев, жауапты басқарма басшылары және орынбасарлары Д.Болатханұлы, А.Өсербаев, Т.Үсібалиев, Н.Әбдіразақова, фракция мүшелері қатысты.

   Мәжілісті жүргізген фракция жетекшісі Б.Тәжібаев оқу кезеңі жақындағанда туындайтын бірқатар мәселеге тоқталды. Т.Үсібалиевтің хабарлауынша, биыл облыс көлемінде 59 мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізуге «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы, республикалық және облыстық бюджеттен жалпы 20,5 млрд.теңге қаржы қаралған. Жыл соңына дейін 21 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Соның ішінде Мақтаарал ауданындағы 300 орындық 1 мектептің құрылысы толық аяқталған. Алайда 9 мектептің құрылыс жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмегендіктен, мердігер мен техникалық қадағалаушы мекемелерге жалпы 7,1 млн.теңге айыппұл салынған.

   Мектеп құрылысына қатысты мәселені жалғаған адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Д.Болатханұлына Төлеби, Сауран, Қазығұрт, Жетісай, Мақтаарал аудандарындағы апатты жағдайдағы, үш ауысымға өту қаупі бар және құрылысы тоқтап тұрған мектептер жайлы сын-пікірлер айтылды. Мәселен, фракция мүшесі Ғ.Елшібай «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын таулы аймақтарда іске асырудың қажеттігі жоқ екендігін атап өтіп, мектеп салу мәселесінде демографиялық өсімді ескеру керектігін жеткізді. Басқарма басшысы бірқатар сауалдарға жауап беріп, жекелей талдау жүргізілетінін және ресми жауап жолданатынын хабарлады.

   Облыста 2 жоғары оқу орны мен 54 колледжде жалпы саны 35700-ге жуық студент білім алады. Б.Тәжібаев Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде құрылысы тоқтап тұрған жатақхана мәселесін қозғады. Қоғамдық даму басқарма басшысы А.Өсербаев жерге қатысты даулар туындап, шешілу жолдары қарастырылу барысында деді. Аталған университетке қарасты 7 жатақханаға қосымша 316 орындық 2 жатақханамен қамту үшін келіссөздер жүргізілуде. Ал 1300-ден астам студенті бар Халықаралық туризм және меймандостық университетіне қосымша биыл 202 орындық 1 жатақхана қолданысқа берілмек.

   Сондай-ақ жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету бойынша Н.Әбдіразақованың баяндамасы тыңдалып, фракция қатысушылары мұнай тапшылығы байқалатынын және талдау жүргізу қажеттігін ескертті. Азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша Н.Иманқұлов облыста атқарылып жатқан шараларды баяндады. Фракция жетекшісі баға өсімі бойынша партия филиалдарының жүргізген мониторинг нәтижесін назарға ала отырып, жұмыстарды жүйелендіру жайында ұсыныс білдірді. Сондай-ақ ол, Жол картаға енгізілген 15 мектептің құрылысына қаржы қарау мәселесін және “Мектепке жол” акциясына қатысты дауларды толыққанды шешуді назарға алуды ұсынды.

   Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары А.Сәбитов мектептердің құрылыс жұмыстарына, оның ішінде саны емес сапасына, бала санының өсіміне байланысты талдаулар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Соған сай жыл соңына дейін бюджетті жоспарлау барысында нақты мәліметтермен жұмыстар атқарылмақ. Айтуынша алдағы 5 жылда мектеп құрылысы мәселесі түбегейлі шешіледі. Күн тәртібіндегі жанар-жағармаймен қамтамасыз ету және азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру бойынша ұсыныстар бақылауға алынып, тиісті тапсырмалар жүктейтінін мәлімдеді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті 40 отбасы Бозарық шағынауданынан жаңа пәтерлерінің кілтін алып, қоныс тойын тойлады....

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ТҰРАНДА ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ 100 % ШЕШІЛДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Тұран ауданында инженерлік инфрақұрылым шешім тапты деуге болады. Тек табиғи газ бен кәріз жүйесін қоспағанда.  Аудан басшысы бұл 2027 жылдың...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

100% ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛҒАН АУДАН

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Абай ауданы инфрақұрылыммен 100% ға қамтылды. Бұл туралы баспасөз брифингінде 6 айдығы жұмыстарды саралаған аудан әкімі айтты. Дегенмен, күн санап...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ҚАЛДЫҚ СҰРЫПТАЙТЫН ОРЫНДАР КӨБЕЙЕДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинауға арналған 4 арнайы орын бар. Мұнда қағаз, пластик, шыны секілді қалдықтар бөлек жиналып, қайта өңдеуге...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

БЮДЖЕТТЕН 23,4 МЛРД ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЛДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте мемлекеттік бюджеттен 23,4 млрд теңге үнемделді. Қаражат бюджет шығыстарын қайта қарау, негізсіз жоспарланған шығындарды қысқарту және мемлекеттік сатып алулардағы...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Жаңа оқу жылында Шымкент қаласының әкімдігі 234 білім беру грантын ұсынды. Бұл гранттар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды қамтиды. Қала...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.