Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Н.Нұрлыбаев хабарлады,дейді Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Бүгін жыл сайынғы «Мектепке жол» облыстық акциясы басталды. Басты мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушылардың және жетім балалардың, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алуға бағытталады. Яғни оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсетіледі. Бұл акция 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында өткізіледі», — деді Нұржан Мәдірайұлы.