• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Мамыр 19, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

АЙТЫЛДЫ — ОРЫНДАЛДЫ

19.07.2022
0

 Ел тілегі орындалды. Түркістан қаласының тұрғындарымен кездескен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ең алдымен наурыз айында өткен кездесудің нәтижесімен бөлісті. Халықты толғандырған жалпыға ортақ мәселелердің басым бөлігі жүзеге асты.

 — Наурыз айында өздеріңізбен кездесіп, тұрғындарды толғандырып жүрген әлеуметтік және басқа да өзекті мәселелерді талқыладық. Міне, бүгін сіздермен қайта жүздесіп, көтерілген мәселелердің шешімін баяндайтын боламын. Жалпы халықпен кездесу мен жеке қабылдау барысында 32 мәселе көтерілді. Оның ішінде 23-і өз шешімін тапты, қалған 9-ы шешілу үстінде. Мен көтерілген сұрақтардың барлығын тізбектемей, бірнеше негізгі мәселелерге тоқталайын. Көтерілген барлық сұрақтар біртіндеп өз шешімін табуда. Кейбір мәселелерді шешу үшін заң аясында бюджеттен қаржыны қарастырып, уақытты талап етеді. Сондықтан бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп, міндетті түрде шешімін табатын болады, — деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев түркістандықтармен кездесуінде.
  Атап айтқанда, Түркістан қаласында облыстық жедел медициналық көмек станциясы шілде айында пайдалануға тапсырылды. Түркістан қаласынан Балтакөл бағытының шыға берісіндегі Жангелдин көшесін қайта құру жобасы бойынша биылғы жылға 944 млн. теңге қаржы қаралды. Нысан келер жылдың екінші тоқсанында аяқталады. Сондай-ақ Б.Саттарханов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт кешені орнынан қазіргі заманауи үлгідегі спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Жобаға биыл 1,7 млрд. теңге қаржы бөлінді. Нысан құрылысы 2023 жылы аяқталады. Сонымен бірге Отырар мөлтек ауданындағы 5 көпқабатты тұрғын үйлердің жан-жағын реттеу бойынша құрылыс жұмыстары басталды. Қазіргі таңда, аяқжолдар салу, жол жиек тастарын салу (бордюр), веложолақтар және каналдар салу жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысан тамыз айының соңына аяқталады.
  — Қаламыздың өсіп- өркендеп жатқанын көру бәріміз үшін үлкен мәртебе. Жақында Президент саябағы мен алғашқы туристік-рекреациялық орталығы ашылды. Қала аумағында қалалық саябақ (дендропарк) іске қосылып, «Жетікөлде» балық аулау маусымы басталды. Іске қосылған саябақтар, көлдер, су қоймалары, каналдар қаладағы микроклиматты өзгертіп, халыққа жайлы болуға сеп болуда. Туризм дамып келеді. Әр кеш сайын мәдени-рухани орталық тұрғындар мен туристер белсенділігінің орталығына айналғаны байқалады, — деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АУДИТ БӨЛІМІ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ АНЫҚТАДЫ

АУДАНДА 41 КӨШЕ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.05.2026
0

 Әл-Фараби ауданы әкімдігі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша алғашқы бес айда атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Бүгінде аудан аумағында 17 шағын аудан мен...

АУДИТ БӨЛІМІ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ АНЫҚТАДЫ

АУДИТ БӨЛІМІ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ АНЫҚТАДЫ

Айғақ медиа
18.05.2026
0

Шымкент қаласында ағымдағы жылы аудитпен қамтылған қаржы көлемі шамамен 45 миллиард теңгені құраған. Есепті кезеңде департамент тарапынан жалпы саны 19...

ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

Айғақ медиа
18.05.2026
0

Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының оқушылары Ұлы отан соғысының тыл ардагері Өркен Әбдіреевке құрмет көрсетті. Еңбегі ерен азамат арнайы мектеп...

ОНКОУРОЛОГИЯДАҒЫ СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ОНКОУРОЛОГИЯДАҒЫ СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Айғақ медиа
18.05.2026
0

Елімізде онкоурология дертімен ауыратын 245 мың науқас тіркелген. Осыған байланысты республикадағы жетекші дәрігерлер Шымкентте бас қосты. Конференция «Онкоурология 2026: теориядан...

ШЫҒЫС БЕЙНЕСІНІҢ КӨРМЕС

ШЫҒЫС БЕЙНЕСІНІҢ КӨРМЕС

Айғақ медиа
18.05.2026
0

Шымкент қаласында алғаш рет «Шығыс Қазақстан бейнелері» атты суретшілер көрмесі өтті. Көрмеге аймақтың тұмса табиғаты мен шығыс өркениетінің көркем келбетін...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
18.05.2026
0

Аумақтық қорғаныс бригадасының әскери міндеттілері он күндік арнайы тактикалық оқуларына қорытынды жасады. Финалдық кезеңде қатысушылар жедел әрекет ету және өзара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.