• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Мамыр 6, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ — ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ТАПТЫРМАС ТЕТІГІ

04.07.2022
0

Шымкент қаласында биыл 5 айда қала экономикасына 131,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29%-ға ұлғайды.

Бұл туралы өткен аптада ҚР Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды. Қала әкімі М.Әйтенов күн тәртібіне сәйкес инвестициялық саясат тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады.

Өңірде жыл соңына дейін 538 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 16%-ға артуы күтілуде деді. Бұл көрсеткішке 2022-2025 жылдары қалада жүзеге асырылатын құны 2,6 трлн. теңге құрайтын 242 инвестициялық жобалардың пулы әсер етпек. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі саласында құны 550 млрд. теңгені құрайтын 45 жоба іске асырылады.

—              Шымкент қаласының әкімдігі 2025 жылға дейінгі инвестиция тарту жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізуде. Біздің жоспарымыз бүгінгі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен ұсынылған 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасына сәйкес келеді. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын  болады, -деп сөзін түйіндеді.

Үкімет отырысынан соң Шымкент әкімі М.Әйтенов қалада жүзеге асыралатын ірі инвестициялық жобаларды атады.

✔️ «KAZALPACK» компаниясы биыл құны 23,4 млрд. теңгені құрайтын алюмин банкілерінің өндірісі жобасын іске қосып, 150 жаңа жұмыс орны құрылды. Қосымша 2023-2025 жылдары алюмин тақталары мен листтер өндірісі жобасы іске асырады. Инвестиция көлемі  40 млрд. теңге, 350 жаңа жұмыс орны құрылады.

 

✔️ «Karlskrona» компаниясы құны 26 млрд. теңгені құрайтын гидравликалық насостар өндірісі  жобасын жүзеге асырады. Онда 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

✔️ Өзбекстандық инвестордың қатысуымен «Orient Ceramic» компаниясы құны  13 млрд. теңгеге керамикалық тақталар өндірісі жобасын жүзеге асыруды жоспарлауда.  300-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылады.

✔️ 1 000 орындық көпфункционалды университеттік клиника мен заманауи емхана жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Инвестиция көлемі 120 млрд.теңге, 3 мыңға жуық жұмыс орны. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары аяқталып, сараптамадан өтуде.

 

✔️ «Asia Trafo» компаниясының құны 7 млрд. теңгені құрайтын трансформатор өндірісі. Жоба аясында Орталық Азияда теңдесі жоқ жоғары кернеулі реакторлар шығарылады.

Сондай-ақ, Шымкентте жалпы аумағы 743 га құрайтын 4 индустриялық аймақта 185,3 млрд.теңгеге 130 жоба іске асырылып, 8 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Қала экономикасының қарқынды дамуына және инвесторлар тарапынан сұраныстың артуына байланысты жаңадан 4 өндірістік алаң ашу жұмыстары басталды.

— «Жұлдыз» индустриялық аймағы. Аумағы 306 га, қазір инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жүргізілуде. Бұл аймақта 200 млрд. теңгеге 50-ден астам ірі инвестициялық жобаны іске асыру күтілуде. 5 мыңға жуық адам жаңа жұмыс орындарымен қамтылады. Бүгінгі таңда 17 жобаға жер телімдері беріліп, инвесторлар жұмыстарын бастап кетті.

—  Аумағы 132 га құрайтын «Бозарық» агро-индустриялық аймағы. Басты бағыты — ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу. Инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде. 21 инвестициялық жоба іске асырылатын болады. Бүгінгі таңда 7 млрд. теңгеге 6 жобаны іске асыруға жер телімдері ұсынылды.

—              «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын кеңейту. Аймақты кеңейту бойынша қосымша 175 га жер учаскесі анықталды. Бұл аймақта құны 150 млрд. теңгеге 30-дан астам ірі жобаны жүзеге асырып, 3 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

— «Стандарт» жекеменшік индустриялық аймағы. Бұл аймақтың ерекшелігі —  инвестор өз қаражаты есебінен 176 мың шаршы метр дайын өндірістік алаңдарын салып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынады. Кәсіпкерлерге қаржы институттары мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау көрсетіледі. Бүгінгі таңда аумақтың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ЖӨНСІЗ ҚОЙЫЛҒАН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЛДЫ?

Айғақ медиа
01.05.2026
0

2025 жылы қала бюджеті бірнеше рет нақтыланып, жалпы көлемі 891,5млрд теңгеге жетті. Жыл қорытындысында түсімдер жоспары артығыменорындалғанымен, кейбір салаларда қаржы...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Жыл басынан бері Қаратау ауданындағы құрылыс жұмыстарына 4,2 млрдтеңге инфестиция тартылған. Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында аудан әкімі айтты.Жиында Қаратау...

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРҒА ГРАНТ САНЫ АРТАДЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Алдағы оқу жылында Шымкенттегі колледждерге 6 мың грант бөлінбек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының студенттеріне әкімдіктің қолдауымен 1 млрд теңгеге...

Elementor #134695

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Шымкентте жасөспірімдердің психологиялық жағдайымен айналысатын арнайы орталық жұмыс істейді. 2025 жылы құрылған мекеменің негізгі міндеті – суицидтің алдын алу. Алайда,...

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.