Еліміздің бас мұғалімі Асхат Аймағамбетов қазақстандық жасөспірімдердің мамандық таңдауы туралы ресми сайтта жариялады. Министр білім сапасы бойынша елдердің рейтингісі ретінде жиі қабылданатын PISA зерттеуі туралы жазды.
Оның айтуынша,» PISA-ның көптеген рейтингтен айырмашылығы — ұпайларды ғана емес, сонымен бірге контекстік факторларды да зерттейді.
Осындай факторлардың бірі – 15 жастағы оқушылардың мансаптық жоспарлары. Осы туралы қысқаша түсіндіре кетейін.
1. Қазақстанда жасөспірімдердің жартысынан көбі кең таралған мамандықтарды таңдайды.
2. Зерттеудің барлық үш циклінде мансаптық таңдаудың алдыңғы қатарында дәрігер мамандығы тұр. Мысалы, жалпы тәжірибелік дәрігер PISA-2022 (9%), PISA-2015 (10%) және PISA-2018 (5%) зерттеуінде ең жиі таңдалған.
3. Жасөспірімдердің педагог мамандығына қызығушылықтары айтарлықтай артқанын зерттеулер де көрсетті. Менің ойымша, бұл — біздің мұғалім мәртебесін көтеруге бағытталған жұмысымыздың нәтижесі. Зерттеудің үш циклі ішінде осы мамандыққа қызығушылық танытқан оқушылардвң үлесі екі есеге немесе 5%-ға өсті. Атап айтқанда, осы мамандықты таңдау бойынша PISA 2015 зерттеуінде 7-орын болса, ал PISA-2022-де 2-орынға дейін көтерілді. 2022 жылы оқушылардың 9%-ы «Жалпы білім беретін мектептегі мұғалім» мамандығын болашақ мамандығы ретінде таңдады» дейді ол өз жазбасында.