Бразилияда өтіп жатқан Сурдлимпиадада төрт бірдей қазақстандық спортшы жүлдегер атанды. Ерлер арасында — 60 келіге дейінгі салмақта Әділбек Нұрмұхамед күміс жүлдеге қол жеткізсе, 73 келіде Шаяхмет Қанапиянов қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрдінің баспасөз қызметі.
Ал қыздар арасында — 48 келіде Қара оглы Фериде мен -52 келіде Дина Иржанова ел қоржынын тағы екі қола жүлдемен толықтырды. Тағы бір спортшымыз 57 келі салмақ дәрежесінде Эвелина Егембердиева жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Сондай-ақ каратэден Елена Салмина (61 кг) соңғы секундтарда қарсыласына есе жіберіп, бесінші орынға тұрақтады.
Бүгін дзюдодан ерлеріміз 81, 90,100 келіде, әйелдер 63,70,78 келіде бақ сынайды.