• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қазан 25, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ АУДАН, ҚАЛА ӘКІМДЕРІНЕ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

25.04.2022
0
Түркістан облысында аудан, қалалардағы санитарлық тазалықты сақтауда кемшілікке жол берген және карьерлерді заңсыз пайдаланушыларға қарсы тосқауыл қоя алмаған басшылардың ісі майшаммен қаралады. Бұл туралы облыс әкімі аппараты отырысында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. Жауаптылардың немқұрайдылыққа жол бергенін қатаң сынға алған ол аудан, қала басшыларына заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларға қарсы күресті күшейтуді тапсырды.
– Өзендерден тас қазылып, үлкен жүк көліктері бірінен соң бірі жолдан өтіп жатыр. Неге сіздер бір тапсырған нәрсені соңына дейін жүйелі түрде істемейсіздер? Прокуратура, полиция, көлік инспекциясы және өзге де құзырлы органдармен бірге жұмыс атқарыңыздар. Кеше ғана жөнделген жолдарға зиянын тигізуде. Комиссия жұмысын жандандырып, жүйелі жұмыс атқару керек, – деді Өмірзақ Шөкеев.
Күн тәртібінде облыс аумағында санитарлық тазалықты сақтау мәселесі де қаралды. Облыс аумағында 2021 жылы тазалық саласында құқықбұзушылық жасаған 3 мыңдай азаматқа әкімшілік шаралар қолданылып, 3,9 млн. теңге айыппұл салынған. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес бұл бағытта жұмыс күшейтілген. Облыс аумағында елді мекендердің аумақтарын көркейту, көгалдандыру, санитарлық тазалау жұмыстарының іс-шара жоспары және сенбіліктер кестесі бекітілді. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Б.Полатбековтың айтуынша, тазалық жұмыстары күшейе түскен.
– Сіздің өткен аптадағы лездемелік мәжілісте берген тапсырмаңызға сәйкес, облыс аумағындағы санитарлық тазалықтың жағдайын анықтау мақсатында облыс көлемінде жұмысшы топ құрылды. 16 аудан, қала әкімдіктеріндегі 183 ауылдық округ қамтылды. Қорытындысымен 537 бейберекет күл-қоқыс орындары анықталды, – деген ол тек 4 әкімдік қана тазалық жұмыстары бойынша тиісті мәлімет ұсынғанын, қалған аудан, қалалар әлі де жауап қатпай отырғанын айтты. Облыс әкімі тазалыққа немқұрайды қараған әкімдерге қатаң ескерту жасады.
– Барлық аудан, қалалар әкімдіктерінде тазалыққа бір орынбасардан жауапты болып бекітілсін. Сол орынбасар арнайы бөлімді, қызметкерлерді үйлестіріп, санитарлық тазалыққа тікелей жауап береді. Келіп, екі минутта баяндама оқып, жиналыстан шыққан соң тапсырманы ұмытып кетесіздер. Маған құр баяндаманың керегі не? Осы салаға бір жауапты адамды бекітіп, жұмысты күшейтіңіздер. Тапсырманы орындамайтын адам бойынша ұсыныспен шығыңыздар. Санитарлық тазалық мәселесі жіті бақылауда болады, – деген облыс әкімі аудан, қала әкімдеріне осы сала бойынша есеп беріп тұратындықтарын ескертті.
Мәжілісте қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтау полигондарын талапқа сәйкестендіру, елді мекендер аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету жұмыстарына ақылы қоғамдық жұмысқа жолданатын азаматтарды тарту, «Таза қала», «Таза ауыл», «Таза аула», «Таза көше» конкурстарын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар берілді.
БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ӘЛЕМДІК ДОДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Әлемдік аренадан олжалы оралған палуанды Шымкентте салтанатты түрде қарсы алды. Грек-рим күресінен U23 санатындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Джохар Узаров...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте жас өнертапқыштар өзара бақ сынап, робототехника әлеміндегі шеберліктерін көрсетті. ROBOPARK LIGA XIII республикалық жарысына еліміздің әр өңірінен 50-ден астам...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

 ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ЖЕМІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкенттік жас ақындар республикалық айтыста топ жарып, қала мерейін асқақтатты. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

ТАЗА ҚАЛА –МӘДЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығы мен көркеюін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.