• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Тамыз 26, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫМЕН БІРГЕ ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ

20.04.2022
0

ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2022 жылды “Балалар жылы” деп жариялауы аясында және ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бастамасымен “Мен және менің полицейім” акциясы бойынша Түркістан облысының полицейлері облыс орталығының оқушылары үшін қызық экскурсия ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚР Ішкі сітер министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқушыларды облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов қарсы алып, полиция қызметі туралы айтып берді. Бірінші кезекте балаларға Жедел басқару орталығы көрсетілді, онда оқушылар көшелердің қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қадағалау бойынша тәулік бойы бейнебақылау жүргізілетінімен танысты.
М. Қабденов оқушыларға полицейлер нақты уақыт режимінде көшелер мен жолдардағы жағдайды бейнекамералардың көмегімен қалай бақылап отырғанын, жедел міндеттерді шешу үшін полиция нарядтарын қалай басқаратынын және қылмыстарды қалай “ізін суытпай” ашатынын айтты.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары оқушыларға бейнебақылау камераларын “басқару тетігі” арқылы басқару мен бейнекамералардың қаншалықты деңгейде ЖБО-ға қосылғанын, күнделікті оқушылардың өзі оқитын мектептерін полицейлер камера арқылы бақылап отыратын көрсетті.

Тіпті таңданыстарын жасырмай, бас полицейге салаға қатысты сұрақтарын жаудырды. Өз кезегінде облыстың ПД басшысы полициядағы жұмысқа, құқық бұзушылықтардың қалай анықталатынына және қызметтің перспективаларына қатысты сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, оқушыларға полицей мамандығының қыр-сырын айтып, өз жұмысының қызықты жағдайларымен бөлісті.

– Балалар сендерге ата-аналарың мен мына еліміз үлкен үміт артып отыр. Себебі жасалып жатқан жағдайдың барлығы сендердің жарқын болашақтарың үшін. Сендер тәртіпті болып, сабақты жақсы оқысаңдар, келешекте нағыз майталман маман боласыңдар. “Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады” демекші қажетті білім алсаңдар, сендердің арман, мақсаттарың да тез орындалады. Полицей болу үшін де бірінші кезекте өзіңді тәрбиелеуің керек. Жан-жағыңа, достарыңа үлгі-өнеге болып, әрқашан достыққа адал, ұқыпты да шыншыл болуларың қажет. Полиция сендердің тыныш ұйқыларың үшін күндіз-түні қызметте, – деді Мұрат Қабденов.

Бұдан әрі полиция қызметкерлері оқушыларға мобильді байланыс кешенінің жұмысын көрсетті, рухани астананың көрікті жерлерін аралайтын тұрғындар мен туристерге жедел түрде байланысқа шығу үшін жасалған 102 пультіне қоңырау шала алатынын, ең белсенді жерлерде орналасқан SOS кнопкасын көрді. Батырма арқылы полицейлермен байланысқа шығып, ерекше әсер алды.
Сондай-ақ, оқушылар мобильді стационарлық полиция бекетіне және Түркістан қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына барды. Себебі балалардың арасында арнайы есепке қойылған жоғары сынып оқушылары да бар.
Ер балаларға УҰИ-да қылмыс жасаған азаматтардың отыратын орны көрсетіліп, полицейлердің түсіндірмелері тыңдалды. Соңында оқушылар экскурсияның танымды болғанын және қиын әрі өте маңызды мамандыққа жаңаша қарауға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Түркістан облысы ПД бастығы  Мұрат Қабденов жас буынға мықты денсаулық пен оқуда табыс тілеп, естелікке суретке түсті.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Айғақ медиа
25.08.2026
0

Шымкентте Құрылтай сайлауы өзгеше көңіл-күймен өтті. Азаматтық таңдауын жасауға келген тұрғындардың арасында ұлттық нақыштағы және ерекше киім үлгілерімен көпшіліктің назарын...

ТОЗҒАН ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРДЫ

ТОЗҒАН ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРДЫ

Айғақ медиа
25.08.2026
0

Мегополисте ескірген орындарды жаңарту жұмыстары қарқынды. Тұран ауданында балаларға арналған жаңа ойын алаңшасы қолданысқа берілді. Қазір дәл осындай 28 нысанда...

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті 40 отбасы Бозарық шағынауданынан жаңа пәтерлерінің кілтін алып, қоныс тойын тойлады....

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ТҰРАНДА ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ 100 % ШЕШІЛДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Тұран ауданында инженерлік инфрақұрылым шешім тапты деуге болады. Тек табиғи газ бен кәріз жүйесін қоспағанда.  Аудан басшысы бұл 2027 жылдың...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

100% ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛҒАН АУДАН

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Абай ауданы инфрақұрылыммен 100% ға қамтылды. Бұл туралы баспасөз брифингінде 6 айдығы жұмыстарды саралаған аудан әкімі айтты. Дегенмен, күн санап...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ҚАЛДЫҚ СҰРЫПТАЙТЫН ОРЫНДАР КӨБЕЙЕДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинауға арналған 4 арнайы орын бар. Мұнда қағаз, пластик, шыны секілді қалдықтар бөлек жиналып, қайта өңдеуге...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.