Қазақстанда өткен тәулікте 1003 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 125, Алматы қаласы – 97, Шымкент қаласы – 19, Ақмола облысы – 99, Ақтөбе облысы – 21, Алматы облысы – 94, Атырау облысы – 71, Шығыс Қазақстан облысы – 28, Жамбыл облысы – 24, Батыс Қазақстан облысы – 47, Қарағанды облысы – 62, Қостанай облысы – 74, Қызылорда облысы – 5, Маңғыстау облысы – 17, Павлодар облысы – 155, Солтүстік Қазақстан облысы – 55, Түркістан облысы – 10. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 169099.
Осы орайда, халықтың қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Тұрғындар және заңды тұлғалар, меншік нысанына қарамастан шектеу шараларын, соның ішінде карантиндік режимді орындауы тиіс.
Шымкент қаласының бас санитарының қаулысына сәйкес, барлық мемлекеттік органның, ведомство, мекеме, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары үнемі бетперде тағуға міндетті.
Сақтық шараларын қатаң назарда ұстайық!