Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының алғашқы сессиясы бастау алғаны белгілі. Сессия отырысында қаралған бірінші мәселе жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының хатшысын сайлау болды. Бұл орынға Бахадыр Нарымбетовтың кандидатурасы ұсынылып, ашық дауыс беру нәтижесінде бірауыздан қолдау тапты.
Айта кетейік, Бахадыр Мәдәліұлының мемлекеттік қызметте бірнеше жылдық тәжірибесі бар. Соңғы екі жыл көлемінде «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.