• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қазан 25, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ 12 КҮН ТОЙЛАНАДЫ

02.03.2020
0

Түркістанда Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік іс-шаралар 14-ші наурыз күні басталады. Киелі мекенде «Этноауыл» бой көтеріп, Наурыз мейрамын 12 күн бойы тойлау жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен апталық лездеме отырысында талқыланды. Шаһарда дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу,алтыбақан, тең көтеру, т.б.) өтеді. Түркістан төрінде азулы ақындар аламан айтыста бас қосады. Елімізге танымал жұлдыздардың концерттік бағдарламалары, сан алуан байқаулар мен фестиваль, сайыстар ұйымдастырылады.

Жиында баяндама жасаған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың мәлімдеуінше, биыл өңірде 825,4 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған. Пленка астында егу технологиясын қолдана отырып жылына 2-3 рет өнім алу әдісі енгізілген Түркістан өңірінде шаруалар қыстың ортасында егін егіп, ерте көктемде өнім алады. Көктемгі дала жұмыстарына қажетті 37 мың тонна арзандатылған жанармай бөлініп, жер айдау жұмыстары 96% орындалған. Облыстағы егістік алқаптарын цифрландыру бойынша электрондық картасы әзірленуде. Жиында бұл істің кей аудандарда ақсап тұрғаны сынға алынды. Сондай-ақ, басқарма басшысы ветеринариялық бақылаудың облыстық атқарушы органның құзыретіне өтуіне байланысты жүзеге асып жатқан бірқатар оң өзгерістер жайлы баяндады.

Отырыста жыл сайын жүзеге асырылатын зиянкестерден келетін қауіптің алдын алу бойынша жұмыстар талқыланды. Биыл облыстағы 170 мыңнан астам гектар жерге химиялық өңдеу жоспарланған. Фито санитар мамандар аса қауіпті саналатын Марокко шегірткесінің қауіпті ошақтары анықтап, қанаттылармен күреске дайын отыр.

Апталық лездеме отырысында Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов шаһардың даму бағыттарын баяндады. Бүгінде қалада Әкімшілік-іскерлік орталық аумағында 7 қабатты 14 тұрғын үйдің, 12 қабатты 40 тұрғын үйдің, ал Батыс Қытай-Батыс Еуропа тас жолының бойында  7 қабатты 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс алаңына 627 жұмысшы тартылған. Бұған қоса, Әкімшілік-іскерлік орталық аумағынан жеке құрылыс компаниясы өз қаражаты есебінен 12 қабатты 32 тұрғын үйдің құрылысын жүрізуде. Кей құрылыс аумағында істің кенжелеп қалғанын қатаң сынға алған Өмірзақ Естайұлы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ӘЛЕМДІК ДОДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Әлемдік аренадан олжалы оралған палуанды Шымкентте салтанатты түрде қарсы алды. Грек-рим күресінен U23 санатындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Джохар Узаров...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте жас өнертапқыштар өзара бақ сынап, робототехника әлеміндегі шеберліктерін көрсетті. ROBOPARK LIGA XIII республикалық жарысына еліміздің әр өңірінен 50-ден астам...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

 ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ЖЕМІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкенттік жас ақындар республикалық айтыста топ жарып, қала мерейін асқақтатты. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

ТАЗА ҚАЛА –МӘДЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығы мен көркеюін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.