• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Маусым 20, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ КЕЛДІ

21.12.2018
0

Бүгін Түркістан қаласына ҚР Премьер — Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған жұмысшы топ келді. Облыс орталығының даму жоспарымен арнайы танысуға келген делегацияны аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев бірқатар нысандарды аралатып таныстырды.
Алдымен қонақтар Отырар мөлтек ауданында болып, әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтеріп жатқан нысандарды аралап көрді. Онда қазіргі таңда 26 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 1536 пәтердің 1200-і (20 тұрғын үй) арендалық үйлер болса, қалған 6 тұрғын үй, яғни 336 пәтер кредиттік баспаналар қатарында.
Биыл қыркүйек айында іргетасы қаланып, мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатқан 60 пәтерлі 20 тұрғын үйдің 11-і (660 пәтер) 2019 жылдың сәуір айында тапсырылады. Ал, 9 тұрғын үй (540 пәтер) келер жылдың қараша айына ел игілігіне берілмек. Кредиттік көпқабатты 6 тұрғын үйдің (336 пәтер) құрылыс жұмыстары 2019 жылдың маусым айында аяқталып, пайдаланылуға тапсырылады. Сондай-ақ, онда мемлекеттік — жекешелік әріптестік аясында 280 орындық балабақша мен 900 орындық мектеп бой көтеруде. Одан бөлек, іскерлік орталықта әкімшілік ғимараты, басқармалар және департаменттер үйлері және 5 жұлдызды «Риксос» қонақ үйінің құрылысы басталып кетті. Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев жұмысшы топқа шахарды инқұрылыммен қамту жоспарымен таныстырды. Түркістан қаласының қазіргі инженерлік инфрақұрылымы қазіргі таңда салынып жатқан әкімшілік –іскерлік орталығының 270 гектар және рухани-мәдени орталығының 98 гектар аумағын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Айталық, қолданыстағы сағатына 100 мың текше метр газ тарататын автоматты газ станциясы қаланы толықтай көгілдір отынмен қамтуға қауқарлы.
Сондай-ақ, астаналық делегация «Әзірет-сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығына аялдады. Онда Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңынан салынатын тарихи архитектуралық жобалардың нобайымен танысты. Аталған аумақтағы 98 гектар жерге жалпы сметалық құны 145 млн. 005 мың теңге болатын Рухани және мәдени орталық салынатын болады.
Атқарылып жатқан жұмыстарға қаныққан Үкімет басшысының бірінші орынбасары Түркістан қаласының дамуы бойынша қорытынды жиын өткізді. Онда облыс әкімі алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар жөнінде таныстырды.
«Елбасының тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласын дамыту жөніндегі жоспарын іске асыруға өзге облыстардан бөлек, Ұлттық компаниялар мен бизнес өкілдері атсалысатын болады. Бүгінде құрылыс жұмыстарымен айналысатын мердігерлерге қатысты құжаттар әзірленіп, тиісті шаралар атқарылуда. Яғни, жаңадан салынатын нысандарға арналған жер телімдері зерттеліп, дайындалуда. Сондай-ақ, инженерлік коммуникациялар үшін техникалық сипаттамалар жасалып, сәулеттік жоспарлау жұмыстары жүргізілді», – деді Жансейіт Қансейітұлы.
Сондай-ақ, басқосуда Түркістан қаласының өзге де салаларын дамыту бойынша бірқатар министрлер мен министрлік өкілдері алдағы жұмыс жоспарлары жөнінде баяндама жасады. Жиынды қорытындылаған бірінші вице-премьер істі жоспардан кешіктірмей дер кезінде орындауды тапсырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

«ҚАЗАҚСТАН — ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ІЗІМЕН»

«ҚАЗАҚСТАН — ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ІЗІМЕН»

Айғақ медиа
16.06.2026
0

Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 11 сәуірдегі Өзбекстанға жасаған сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен өткен кездесуден кейін «Қазақстан–Өзбекстан Президенттерінің ізімен» жобасы бастау...

ӨЗБЕКСТАН: ШЫҒЫСТЫҢ ШЫРАЙЛЫ ШАҺАРЫ – САМАРҚАН

ӨЗБЕКСТАН: ШЫҒЫСТЫҢ ШЫРАЙЛЫ ШАҺАРЫ – САМАРҚАН

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Самарқан – туризмнің отаны. Көне тарих пен өркениеттің алтын бесігі саналатын бұл шаһар ғасырлар бойы Ұлы Жібек жолының бойында орналасып,...

ӨЗБЕКСТАН: ТУРИЗМ ДАМЫҒАН КӨНЕ ҚАЛА — БҰХАРА

ӨЗБЕКСТАН: ТУРИЗМ ДАМЫҒАН КӨНЕ ҚАЛА — БҰХАРА

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Қазақстан мен Өзбекстан – тарихы тамырлас, тағдыры сабақтас, мәдениеті мен руханияты үндес қос халық. Екі ел арасындағы қарым-қатынас тек географиялық...

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

«AMANAT» партиясы мен «Әділет» партиясы бірікті. Тарихи шешім Астанада өткен «AMANAT» партиясының XXVI съезінде қабылданды. Делегаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдап,...

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ БАҚ СЫНАДЫ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Бүгінде этнос өкілдері қазақ тілін еркін меңгеріп, қоғам өміріне белсенді араласып келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды насихаттау және мемлекеттік тілдің мәртебесін...

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Полиция департаменті мен Мансап орталығы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.