Айдос Қамытбекұлы Жетісай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Айта өтейік, Нұржанов Айдос Қамытбекұлы 1987 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында туған. 2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетінде құқықтанушы мамандығын бітіріп, 2010 жылы Мақтарал ауданының №3 аудандық сотында жетекші маман, 2011 жылы Мақтарал ауданының №3 аудандық сотында бас маман – сот мәжілісінің хатшысы, ал 2011 жылдың қазан айынан бастап Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотында бас маман, 2014 жылы Мақтарал ауданының №3 аудандық сотында бас маман – сот мәжілісінің хатшысы, 2017 жылы Сарығаш ауданы, Бірлік ауыл округі, Бірлік ауылында ”Нұр – Сұлтан” шаруа қожалығының төрағасы, 2018 жылы Жетісай ауданы әкімінің аппаратында персоналды басқару қызметі бөлімнің бас инспекторы қызметтерін атқарған.